12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қарасай ауданында жіті миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардиясы бар пациенттерге шұғыл көмек көрсетіле бастады

Алматы облысының Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы интервенциялық хирургия бөлімшесі 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді. Ашылған сәттен бастап бөлімшеде 150 науқас ем қабылдаған. Аурухана директоры Малғаждаров Мәулен Сансызбайұлының айтуынша, осы уақытқа дейін Алматы облысының оңтүстік аймағында жіті коронарлы синдромы диагнозы анықталған пациенттер Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында емделетін.

Біздің ауруханада интервенциялық хирургия бөлімшесі ашылған сәттен бастап бес айда 150 пациентке коронация жүргізілді, олардың ішінде стендтеу 55-60%-ды құрайды. Ем қабылдауға келген тұрғындардың 30% — ын Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары құрайды, — дейді аурухана директоры.

Сонымен қатар Маулен Сансызбайұлы жүрек-қантамыр жүйесі ауруының алғашқы белгілерін байқаған сәтте, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет екенін атап өтті. Өйткені жіті коронарлы синдромы тұрақсыз стенокардия немесе миокард инфарктісінің дамуына әкелетін айтады.

Жіті коронарлық синдромның алғашқы белгісі кенеттен жүрек ұстамасы болуы мүмкін. Жіті коронарлы синдром әр науқастың денсаулығына байланысты әртүрлі дамиды. Қазір ауруханада ашылған бөлімде жіті коронарлы синдромы анықталған науқасты емдеу үшін барлық жағдай жасалған, — деді Мәулен Сансызбайұлы.

Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы интервенциялық хирургия бөлімшесі тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту бойынша Жол картасын орындау мақсатында ашылды.

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...