Қазақстан коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсады?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда пандемиямен күреске қанша қаражат бөлінгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2020 жылы бюджеттен 252 миллиард теңге бөлінгенін білдірді.

«Оның 28 миллиарды дәрі-дәрмекке, қорғаныс құралдары мен медициналық техниканы сатып алуға жұмсалды. Сонымен қатар, дәрігерлерге 197 миллиард теңге үстемақы төленді», — дейді Ғиният. 

Ал 2021 жылы пандемияға 556 миллиард теңге жұмсалған.

«2021 жылы коронавирустың үш толқыны болды, жыл бойы осы індетпен күрестік. 97 миллиард теңге вакциналар, шприцтер және коронавирус диагностикасы үшін жұмсалды. Дәрігерлердің үстемақысы мен іссапарына 413 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, 40 миллиард теңге науқастардың ауруханада емделуіне жағдай жасауға жұмсалды», — деп түсіндірді министр. 

Ажар Ғинияттың сөзінше, 2022 жылы COVID-19-ға қарсы күреске 86 миллиард теңге бөлінеді. 

«Veracel және QazVaq вакциналарын сатып алуға 9 миллиард теңге жұмсалды. 20 миллиард теңге өткен жылы алынған Pfizer екпелеріне төленді. Біз бұл туралы Мәжілісте де айтқан едік», — деп қорытындылады ол.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....