ТАШКЕНТКЕ АЛМАТЫДАН ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ

Араға екі жарым жыл салып барып, Алматы-Ташкент-Алматы бағытындағы пойыз қайта жүре бастады. 2020 жылы коронавирусқа қатысты тоқтап қалған жолаушылар пойызы енді «Алматы-2» теміржол вокзалынан Ташкенттің «Ташкент-Орталық» вокзалына дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері шықса, Ташкенттен Алматыға сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері жүреді.


Жалпы саны 24 вагоннан тұратын пойызда 425 жолаушыға орын бар. Билетті вокзал кассаларынан немесе онлайн сатып алуға болады. Электттронды билеттерді екі мемлекеттің шекарасынан өтерде қағаз күйінде көрсетуге міндетті.
Коронавирусқа қатысты ахуал әлі тұрақтанбағандықтан жолаушылар COVID-19 вирусына қатысты ПЦР тест тапсырады не вакцина алғаны туралы төлқұжатын береді. Вакцина түрлері екі ел де мойындаған болуы шарт.
«Узбекистон темир йуллари» АҚ қазір басқа да көршілес елдермен пойыздарды көбейту мақсатында келіссздер жүргізіп жатыр. Бұл мәселе 19-20 мамырда Ташкент қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Туризм министрлері форумында талқыға салынады.


Нәзия Жоямергенқызы

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...