Алматыда ХҚКО алдында мигранттар ұзын-сонар кезекте тұр

Алматыда көші-қон орталығы алдындағы кезек видеоға түсірілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео Instagramдағы kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды.

«Алматыдағы көші-қон орталығы. Адамдар еңбек министрлігінің жаңа бағдарламасынан екінші күн құжаттарын тапсыра алмай жүр. Еңбек министрлігінің кесірінен адамдарда құжат мерзімі өтіп, айыппұл салынып жатыр», — делінген видео сипаттамасында.

«ҚР көші-қон ХҚКО-ларында Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алуға немесе рұқсатын ұзартуға ниет білдірген еңбекші иммигранттардың маусымдық толқыны байқалады. Бұл қызметті бұрын ІІМ көрсеткен, бірақ 2021 жылдың 16 мамырынан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілген. Осы себепті, кейбір жағдайларда клиенттердің төлқұжат деректерін түзету қажет.

Біз көші-қон ХҚКО-ларында қызмет көрсету процесін жеделдету үшін бар күшімізді саламыз. Құжаттарды қабылдайтын қызметкерлер саны ұлғайды. Клиенттерден осы жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», — деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ еңбек мигранттарын тіркеу ережелерін айтқан болатын.

Қазақ тілі қандай тіл?

Ана тіліміздің жанашыры А.Байтұрсынұлының: «Қазақ тілі – ең жетілген,...

Неке және отбасы – қоғамның берік негізі

Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі, ал...

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...