Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 10 жылға сотталды. Шенеунік жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

Басылым мәліметінше, 17 мамырда Атыраудың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен Құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа қатысты үкім шықты. Олар «Аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу» бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталды. 

Нұрлан Таубаев кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Тимур Басаровқа бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталған экс-шенеуніктерге өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет істеуге тыйым салынды.

Еске салайық, 2020 жылдың 10 қыркүйегінде Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров пара алды деген күдікпен ұсталған еді.

Атыраудағы жаңа мәдени кешен тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Атырауда бой көтеріп жатқан жаңа мәдени нысан тұрғындар үшін...

Сот отырысының хатшысы – сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды тұлға

Сот жүйесі – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың...

Жарма ауданында пробация есебіндегі азаматтармен психологиялық тренинг өткізілді

Жарма ауданының пробация қызметі Жарма ауданы прокуратурасының өкілдерімен және...

ЭЛЕКТРОНДЫҚ СОТ ТӨРЕЛІГІ – ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен...

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ ТӘРТІБІ – ХАЛЫҚПЕН ТИІМДІ БАЙЛАНЫСТЫҢ НЕГІЗІ

      Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың...