27 C
Алматы
Вторник, 21 июня, 2022

Аралда пробациялық бақылау белгіленген азаматтар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Арал аудандық пробация қызметі мен Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен үстел теннисінен жарыс өтті.

Аталмыш шараға пробация қызметінің есебінде тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған 20 азамат қатысты. Сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу, олардың уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтына баулуды мақсат еткен жарыс Жастар ресустық орталығында өткізілді.
Жарыс өте тартысты әрі қызық өтті. Әр қатысушы өзінің жеңімпаз атануға лайықты екендіктерін көрсетті.
Алайда «жарыс болғаннан кейін, жеңімпаз болады» демекші үздік ойын өрнегін көрсеткендер қатары анықталып, алғысхатпен марапатталды.
Жарысқа қатысушылар ойыннан жақсы әсер алғандарын, бойлары бір сергіп қалғандарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Басқада | О других

Жаңалықтар | Новости