12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Екібастұзда аулада аңшы мылтығымен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

Екібастұзда көпқабатты үйлердің бірінде шолақ мылтықпен аулада жүрген ер адам тұрғындарды шошытты. Оны полиция қамауға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шолақ мылтықпен серуендеп жүрген ер адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрларда тұрғындар қорқып кіреберіске жүгіргені, артынан шолақ мылтық ұстаған ер адам келе жатқаны көрсетілген. Тағы бір видеода белгісіз біреу жерден жатқан оқты алып, қаруды оқтап, кейін баспалдақпен көтеріліп, сыртқы есікті екі рет теуіп, үйге кіргенін көруге болады.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған ер адам 33 жаста екенін хабарлады.

«Ер адамнан бір ұңғылы аңшылық мылтық пен 16 калибрлі 2 патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша процестік шешім шығарылады. Полиция тексеру жүргізіп жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Полиция хабарына қарағанда, ұсталған адам мас болған, ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналасқан.

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...