12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақсу ауданында алқаптарды нәрлендіретін  су каналдарын жөндеу мен салуды жылдамдату тапсырылды

Облыста қызылша өсірушілерді қолдау мақсатында биылдан бастап өнімді қабылдау бағасы бес мың теңгеге артып, тоннасына 30 мың теңге төленеді. Бұл мәселені шаруалар осыған дейін бірнеше мәрте көтерген болатын. Оған қоса шикізатты тасымалдау шығындарының бір бөлігін жабу мақсатында Көксу қант зауыты жеткізілген өнімнің бір тоннасына 1,5  мың теңге қосымша ақы төлейді. Бұл туралы бүгін Ақсу ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

— Ақсу қант зауыты шикізаттың қажетті көлемі болмауына байланысты тростник өңдейтін желісін іске қосады. Осы жылы 1,5 млрд. теңге бөліп, қамыс шикізатын сақтау үшін қойма саламыз. Келесі жылы суармалы жерлердің көлемін ұлғайтамыз. Болашақта зауыттың қант қызылшасымен бірге торстникті де жыл бойы өңдеуге мүмкіндігі болады, — деді Қанат Бозымбаев. 

Баяндамашының сөзіне қарағанда, ауданда 2016 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен Қызылағаш су қоймасын, Қызылағаш өзеніндегі су жинау торабы мен магистралдық каналды қайта жаңартылуда. Бүгінде бөгеттің, су жинау гидроторабының және барлық қажетті инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Биыл 7,9 млрд. теңгеге Қызылағаш суару алқабын салып бастау жоспарланған. Соның нәтижесінде 5,3 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға енгізіледі. Сонымен қатар 2019 жылы 99 суару каналын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Бүгінде 260 км канал қалпына келтірілді. Оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Облыс әкімі бұл жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанын сынға алды. Суару суының мәселесін Ойтоған, Арасан, Суықсай, Қапал ауылының тұрғындар да көтерді.

— Жылдан жылға су азайып барады. Мәселен, біздегі шаруашылықтардың бірі 9 млн. теңгеге жаңбырлатып суаратын құрал әкеп орнатты. Оның жарты құны субсидияланды. Бұл құрылғыны қымбат бағаға сырттан тасымай, өзімізде жасап шығаруға болмай ма? Сұраныс та, мүмкіндік те бар ғой? – деп сұрады Ойтоған ауылының тұрғыны Қанат Досқалиев.

Облыс әкімі бұл сұрақтың расында өзекті екенін айтты:

— Талдықорғанда немесе Қапшағайда инвесторлар жаңбырлатып суару құрылғаларын шығаруға ниет білдіріп отыр. Осы жоба іске асқанда кіші және орта шаруашылықтармен келісім жасасып, оның құнының жартысын субсидиялап, жартысын лизингіге беретін жеңілдіктер қарастыруға болады. Сонда бұл жаңа технология барлығына қолжетімді болады, — деді Қанат Бозымбаев.  

Ғалымбек Сейсембаев есімді тұрғын Арасан мен Суықсай ауылдарының суармалы жеріне суды жеткізу үшін арнайы бөгет салуға көмек сұрады. Ол жерде «ҚазСуШар» мекемесіне қарасты су каналы бар. Бірақ соған қарамастан су жеткіліксіз. Облыс әкімі «ҚазСуШар» мекемесінің жергілікті басшысына мәселенің мәнісін жиын біткен бойда сауал қоюшылармен бірге барып көруді және жағдайдың шешімін өзіне баяндауды тапсырды.  

Өңір басшысы халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, биыл 767 млн. теңгеге Арасан ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту мен салу аяқталады. Келесі жылға 250 млн. теңгеге Қопалы ауылының сумен жабдықтау жүйесін салу жоспарланған.

Сонымен қатар Жансүгіров ауылында су құбыры жүйелері тозған, тазарту құрылғысы жоқ. Ауыз су құбыр арқылы тікелей Ақсу өзенінен келеді, көктем кезінде тұрғындар лай суды пайдалануға мәжбүр. Электр желілерінің де 70 пайызға дейін тозғаны байқалады. Осы мәселелерді кезең-кезеңімен шешу тапсырылды.

Аудан бойынша бірінші сәуірге дейін 430 жұмыс орны құрылған, соның 150-і – тұрақты жұмыс орындары. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастар практикасына 36 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға 74 адам жіберілді. Осы ретте облыс әкімі жобаға маргиналды жастарды көптеп тартуға ерекше көңіл бөлу керектігін қадап айтты.

Қанат Бозымбаев бір кезде аты дүркіреп шыққан «Қапал-Арасан» курортының қазіргі хал-ахуалы жайлы да сөз етті.

— Тағы бір айта кететін мәселе – «Қапал-Арасан» шипажайының жұмысын жандандыру. ХІХ ғасырда ашылған бұл шипажай бүкіл кеңес елдеріне радон суымен, емдеу сапасымен әйгілі болатын. Міне, он жылдан астам уақыт жұмыс істемей қаңырап тұр. Аудан әкімдігіне шипажайдың жерін сатып алған «Bolashak Tengiz Realty» компаниясының басшылығымен тығыз байланыс орнатып, шипажай ғимараттарын қалпына келтіріп, жұмысын бастау үшін жан-жақты қолдау көрсету қажет. Бұл өз кезегінде ауданның экономикасына оң серпін береді, инвестиция тартылып, тұрақты жұмыс орындары ашылады, — деген облыс басшысы өз орынбасары А.Дәндібаевқа осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Жиында тұрғындар тарапынан жайылымдық жер бөлу, субсидия алудың қолжетімділігі, Қапал колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу, дәрігер мамандардың тапшылығы, Жедел жәрдем автокөлігін жаңарту мен компьютерлік томограф қажеттігі, тұрғын үймен қамту, Молалыға дейінгі 27 км жолды жөндеу, Талдықорған-Өскемен автожолының Ақсу ауданын басып өтетін учаскесінің біту мерзімі, жазғы демалыс лагерін құру, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндіктері туралы мәселелерге қатысты болды.

Өз тілшіміз,

Алматы облысы.

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...