Алматы хайуанаттар бағына келген екі жігіт қоршаудан аттап, жолбарысқа тиіскен

Алматыда екі жігіт тақтайшаларда жазылған ескертудерді елемей, қорғаныс қоршауларынан аттап, техникалық аумаққа кіріп, қоршаудағы жолбарысты ызаландырған. Бұл туралы хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазбада екеуі жануарға әлде бір заттарды лақтырып, мазасын алып, зообаққа келуші басқа адамдарды балағаттаған делінген.

«Өкінішке қарай, қауіпсіздік қызметкерлері хайуанаттар бағының әр бұрышында тұра алмайды. Өйткені зообақ аумағы үлкен — 21 гектар жерде орналасқан. Біз жануарларға қатысты осындай дөрекі іс-әрекеттерге жол берілгенін қаламаймыз. Қазіргі уақытта осы мәселе жан-жақты қарастырылып жатыр. Кінәлілер міндетті түрде жазасын алады», — деді зообақ өкілдері.

«Зообақ — біздің жануарларымыздың үйі. Сондықтан хайуанаттар бағына келгенде барлық талап-ережелерді сақтауды талап етеміз!», — делінген жазбада.

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...