12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандық ЖОО-лар оқу бағдарламаларын өздері өзгертеді — министр

Қазақстандық ЖОО-лар жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескеріп, оқу бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай өздері өзгертеді. Мұны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемдік QS рейтингіндегі қазақстандық жоғары оқу орындарының саны екі есеге артып, 14-ке жетті. Сондай-ақ университеттер саны артып, Times Higher Education (THE) рейтингіне енген университеттердің орындары жақсарды», — деді ведомство басшысы Орталық Азия елдері ректорларының форумында.

Оның пайымынша, бұл – Болон процесі қағидаттарын жүзеге асырудың, сондай-ақ университеттерге академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестік берудің нәтижесі. Егер бұрын үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын Білім министрлігі бекітетін болса, қазір ЖОО жұмыс берушілердің пікірлері мен ұсыныстарын ескеріп, еңбек нарығының сұранысына сай оқу бағдарламаларын өздері өзгертеді.

«Бұл жұмыс берушілермен қарым-қатынасымызды нығайтты, енді жұмыс берушілер өздерінің сұраныстары мен ұсыныстарын кәсіби стандарттар арқылы қалыптастырады», — деді министр.

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....