12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бітімгершілік ынтымақты арттырады

Азаматтарды татуластыру дәстүрі бүгінде еліміздің сот жүйесінде дауларды сотқа дейін реттеу тәсілдері арқылы жүзеге асырылуда. Татуласуға жататын даулар бойынша сотқа жүгінген азаматтарға алдымен татуластыру рәсімдеріне қатысу құқықтары түсіндіріледі. Тараптар татуласу келісімін, медиация­лық келісім немесе партисипативтік келісімін жасап, дауды толық көлемде немесе бір бөлігі бойынша реттей алады.
Дауды бітімгершілікпен шешу азаматтардың уақытының үнемделуіне ықпал етіп, халық арасындағы дауласу деңгейін төмендетіп, адамдардың ымыраға келу мәдениетін қалыптастырады. Сондықтан, еліміздің сот жүйесі татуластыру рәсімдерін жетілдіруге кең көңіл бөлуде. Бұл жолдағы маңызды қадамдардың бірі – сотқа дейінгі хаттама институтын қолданысқа енгізу болып табылады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа еніп, сот жүйесінде сотқа дейінгі хаттама ұғымы пайда болды.
Сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы дауды бітімгершілік, медиациялық және партисипативтік келісімдермен реттеуге болады. Оның ерекшелігі, дау бойынша тараптар өзара дәлелдемелермен алмаса алады. Сонымен қатар, уақыт пен күшті үнемдеу, материалдық шығындардың болмауы және мемлекеттік бажды қайтару сотқа дейінгі хаттама жасаудың бас­ты артықшылықтары болып табылады. Сайып келгенде, сотқа дейінгі хаттама дауды бітімгершілікпен аяқтауға және тараптардың бұрынғы қарым-қатынасын сақтап қалуға ықпал етеді.
Жаңа институтты жүзеге асыру тәсілдеріне келсек, татуластырушы-судья тараптарға сотқа дейінгі хаттаманы жасау жөніндегі құқықтарын түсіндіре отырып, татуластыру рәсімдеріне қатысуға шақыру жібереді. Сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың артықшылықтары мен салдарын түсіндіреді, тараптардың пікірін анықтайды. Егер тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, татуласқан жағдайда, 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей, азаматтық іс қозғау және оны сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарады. Сонымен қатар, тараптардың арасындағы дауды бітімгершілікпен реттеу туралы келісімдерді бекітеді.
Қазіргі таңда Байқоңыр қалалық сотында татуласуға жататын істердің санаты бойынша сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы тараптарды бітімгершілікке шақыру тәжірибесі қалыптасып келеді. Мұндай істердің қатарына көбінесе неке бұзу, ортақ мүлікті бөлу және алимент өндіру туралы даулар кіріп отыр. Тәжірибедегі іс бойынша айтып өтсек, Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы У. бұрынғы күйеуі болып табылатын жауапкер Д.-мен некеде тұрған кезінде ортақ мүлік ретінде алынған автокөліктің жарты құнын, яғни 1 500 000 теңгені өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді. Талап қою сот өндірісіне қабылданғанға дейін тараптарға сотқа дейінгі хаттама құру арқылы дауды татуласу келісімімен, медиация тәртібімен және партисипативтік келісім тәртібімен реттеу құқықтары түсіндірілді. Соттың тараптарды бітімгершілікке шақыруы және талап қоюшының қорғаушысының жәрдемдесуі нәтижесінде, тараптар ортақ мүлікті бөлу туралы дау бойынша сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы өзара бітімгершілікке келгенін көрсетіп, сотқа араларындағы келісімді бекіту туралы өтінішхат жолдады.
Келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға ортақ мүлік ретінде алынған автокөліктің жарты құны ретінде 1 000 000 теңге беруі тиіс. Ал, талап қоюшы жауапкердің шартымен келісіп, 1 500 000 теңгені өндіріп алу туралы талап қоюдан бас тартады. Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиациялық келісім бекітілді. Ұйғарым шығарылғаннан кейін келесі күні жауапкер талап қоюшыға 1 000 000 теңге көлеміндегі қаражатты беріп, осылайша ортақ мүлікті бөлу туралы дау сотқа дейінгі хаттаманың көмегімен реттелді.
Бүгінде қоғамда дау туындаса, бірден сотпен шешу керек деген ұғым қалыптас­қан. Әрине, сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғайды. Бірақ, даудың бəрін соттың таразысына салмай, татуласу арқылы да шешуге болатынын ескерген жөн. Бұл ретте дауды сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы бітімгершілікпен шешу уақыт жағынан да, материалдық және моральдық тұрғыдан да тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр.

Телжан Жүсіпов,
Байқоңыр қалалық сотының төрағасы

Қызылорда обылысы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...