Маусымда екі жаңа метро станциясы іске қосылады — Алматы әкімі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында орналасқан «Сары-Арқа» және «Момышұлы» метро станциясы маусым айында ашылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Досаев Әуезов ауданында көлік кептелісі жиі болатынын, бұл тұрғындардың жайлылық деңгейіне кері әсер ететінін айтты.

«2022 жылдың маусымында Әуезов ауданындағы «Сары-Арқа» және «Момышұлы» метро станциясын іске қосамыз. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады», — деді мегаполис басшысы. .

Сондай-ақ, ауданда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Досаев бұл үшін әкімдікке 270 жер учаскесін босату қажет екенін атап өтті. Шенеуніктер 63 учаскенің сатып алу бағасына келіскенін, қалған 207 учаске бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...

Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты — халықаралық шарттар

Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың маңызы артып...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНТЕССОРИ САММИТІ ӨТТІ

Абай университетінде өткен «Монтессори – адам дамуы және өзгермелі...

Налоги, бизнес и реформы

Как известно, национальная валюта в истории современного Казахстана была...