Үкіметте зейнет жасын қысқарту мәселесі талқыланады

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын қысқарту туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мәселе талқыланады. Расын айтқанда, мәселе оңай емес. Біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Жалпы алғанда, халықаралық тәжірибеде зейнет жасын қысқарту туралы айтылмайды. Бұл мәселені тек кеншілер көтеріп отырған жоқ. Бұл мәселені мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр», — деді Тоғжанов Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін БАҚ өкілдерінің қатысуымен Әлеуметтік кодекс аясында зейнет жасы туралы мәселе талқыланады.

«Әйелдерге қатысты да дәл осылай айтып отырмын. Бүгінде зейнетке шығудың орташа жасы 2027 жылға дейін 60-61 жас деңгейінде. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Әлі талқылаймыз», — деп түйіндеді Тоғжанов.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.