Алматы облысында ер адам келінін қорғаймын деп ұлын өлтірді

Алматы облысында ұлын өлтірді деген күдікпен 69 жастағы зейнеткер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы өңірдегі ПД баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 мамырда Дойыншы ауылындағы жекеменшік үйлердің бірінде 42 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза тапқан. Криминалистер оқиға орнынан айғақ затты анықтады.

Полиция мәліметінше, жанжалға марқұмның 69 жастағы әкесі, келіні және жәбірленушінің өзі қатысқан. Күдікті зейнеткер кенже ұлының үйінен табылды.

«Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Айғақ беру кезінде ол ұлына отбасы мәселелерін талқылау үшін келгенін түсіндірді. Қонаққа барған зейнеткер баласы мен әйелі арасындағы жанжалдың куәсі болып, оқиға барысында келінін қорғаған. Осыдан кейін мас ер адам әкесіне шабуылдаған, ал әкесі асхана пышағын қолданған», — деді Қаратал аудандық полиция бөлімінің басшысы Рауан Әбдірайымов.

Адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу басталды.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...