Президент Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды.

Анытқабір кесенесін аралап көрген Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.

Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...