Маңғыстау облысында толассыз жауыннан кейін екі бала қаза тапты

Маңғыстау облысы Батыр ауылында бір үйдің екі баласы шұңқырға жиналған жаңбыр суына батып, мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданында болған. Жеке үй маңында әжетханаға арнап қазылған шұңқыр толассыз жауыннан кейін суға толған. Мұны байқамаған 14 және 10 жастағы балалар суға батып кеткен. 

Балалар әжесінің үйіне бара жатқан екен. Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар арық, шұңқырлардың бетін ашық қалдырмау керегін ескертті. 

Маңғыстау облысында жауын салдарынан бір түнде Ақтау және Жаңаөзен қалаларын, сондай-ақ Бостан, Сенек, Құрық және Шетпе ауылдарын су басқан. Қазір ТЖД 19 адам эвакуациялап, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

В Баку  открылась    международная выставка «Традиционная культура казахов»

В Национальном музее истории Азербайджана состоялась торжественная церемония открытия...

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНГРЕСІ ӨТТІ 

2026 жылғы 12 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының...

ТҰҒЫРЫ БИІК ЖАС ҚЫРАН: БАУЫРЖАН ӘЛИДІҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ

Қасиетті Әулиеата топырағынан түлеп ұшқан жас дарын, бокстан Қазақстан...

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...