Өзбекстандық қазақ «Канело» — Бивол андеркартында жеңіске жетті

Өзбекстанның намысын қорғайтын қазақ боксшысы Елнұр Әбдураимов Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен бокс кешінің андеркартында жеңіске жетті, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның қарсыласы жеңілмеген кубалық боксшы Мануэль Корреа болды. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екіншісінде аяқталған.

Әбдураимов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Өзбекстандық боксшы тоғызыншы кәсіпқой жекпе-жегінде жеңіске жетіп, Корреа карьерасында алғаш рет жеңілген.

Басты жекпе-жекте мексикалық Сауль «Канело» Альварес WBA Super тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық титул иегері ресейлік Дмитрий Биволмен кездеседі.

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...

Республика күніне орай сотталғандар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...