БАҚ: Сбербанк Қазақстандағы еншілес компаниясын мемлекетке сатады

«Бәйтерек» мемхолдингі «Сбербанк Қазақстанға» басты үміткер болды, оның капиталына мәміленің екінші кезеңінде Еуропалық қайта құру және даму банкі де кіруі мүмкін, — деп хабарлайды Frank.rg.

«Әзірге Сбербанктің еншілес компаниясына басты үміткер — Қазақстан үкіметіне тиесілі «Бәйтерек» холдингі. Холдинг оны банк серіктесі — Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірге сатып алуы мүмкін», — делінген басылым мәліметінде.

«Бәйтерек — қазір жалғыз үміткер», — делінген Альфа-Банк пен Сбербанктің қазақстандық активтерін сату бойынша келіссөздер барысымен жете таныс басылымның тағы бір дереккөзінде.

Басылым ақпараты бойынша, ЕҚДБ қазір Сбербанктен оның еншілес компаниясын тікелей сатып ала алмайды, сондықтан ол мәмілеге екінші кезеңде қосылуы мүмкін.

Frank Media мәліметінше, қазақстандық реттеушінің АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасымен (OFAC) келіскен тізімінде Еуропалық қайта құру және даму банкі күтпеген жағдайда пайда болған. Сондай-ақ, қандай мақсатта пайда болғаны түсініксіз.

Frank.rg басылымына пікір білдірушілердің бірінің айтуынша, «Бәйтерек» мемлекеттік холдингі «Сбербанк Қазақстан» санациясынан кейін «шамамен бір жылдан соң» бұл активті жергілікті компанияның пайдасына жекешелендіру мүмкін.

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...