12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Отан қорғаушылар күнін салтанатты түрде атап өтті

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Жеңіске 77 жыл толу мерекелерін салтанатты түрде атап өтті.
Мерекелік іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, мекеме бастықтары, жеке құрам және сала ардагерлері қатысты.

Еліміздің көк байрағы ортаға әкелініп, Әнұраны шырқалғаннан кейін, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Руслан Уразбаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов салтанатты іс-шараға жиналғандарға құттықтау сөздерін жеткізді. ҚАЖ департаментінің басшылығы сонымен қатар, қонақ ретінде арнайы шақыртылған тыл майдангерлері: Потапов Анатолий Васильевичті, Батракова Александра Андреевнаны, Фролова Александра Ивановнаны, Робу Евдокия Александровнаны және Ауған соғысының ардагерлері Жетпісбай Бисенбеков пен Камаладин Сақтағановтарды алдағы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, сыйлықтар тарту етіп, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.Ахметжановтың құттықтау хаттарын табыс етті.

Бұл күні Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне жаңадан қабылданған 6 жас қызметкер Отан алдындағы борышын адал атқаруға салтанатты түрде Ант қабылдады.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, қол жеткізген жетістіктері үшін, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Жұмагүл Ешниязова атқаратын лауазымынан бір саты жоғары әділет майоры арнайы атағын алса, КА-168/1 мекемесінің жедел уәкілі Нұржан Жақсымбет және КА-168/3 мекемесінің жасақ бастығы Азамат Ұзақпаев алғашқы арнайы әділет лейтенанты атақтарын алды.

Темір аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Ренат Жұмабаев «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» салалық медалімен марапатталса, КА-168/2 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Төлеутай Тұрмаханов «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төс белгісімен, ал КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Болатбек Қарғабаев, Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды.

ҚАЖ комитеті Төрағасының бұйрығымен Департаменттің бас мамандары: әділет подполковнигі Алмагүл Карымсакова, әділет аға лейтенанты Айзада Келжанова және КА-168/1 мкемесінің бақылаушысы әділет аға сержанты Бекзат Борановқа Алғыс жарияланды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының грамотасымен 15 ҚАЖ қызметкері марапатталды.

Сонымен қатар, жеке құрам ҚАЖ саласында 25 жыл қызмет етіп, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары лауазымын абыроймен атқарған әділет полковнигі Жұмагелдин Дулат Ертуғанұлын құрметті демалысқа шығарып салды.

Салтанатты іс-шара ҚАЖ департаментінің қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің әртістерімен бірлесіп ұйымдастырылған мерекелік концертімен жалғасын тапты.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Фотолар автордыкі

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...