«Үлгермедік». Ерлі-зайыпты егіз баласымен өртте қаза тапты

Көкшетау іргесіндегі Красный яр кентінде екі қабатты үй өртеніп, бір отбасы қаза тапты. Шырт ұйқыда жатқан ерлі-зайыптылар егіз баласымен қызыл жалын құрсауынан шыға алмай қалған, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Ұйықтап жатқанбыз, есікті көрші әйел қатты ұрғылады. «Көмектесіңдер» деп айғайлады, атып шықтық, пәтердің іші жанып жатыр екен. Көршілер у-шу болып терезені сындырдық. Бәрі тез болды. Үлгермедік», — дейді марқұмдардың көршісі Ирина Шермер.

Телеарнасы мәліметінше, өрт түн ортасында тұтанған. Тілсіз жау әбден күш алған кезде әжелері оянып, өзгелерін оятпақшы болыпты. Тіпті жеті жасар немересін алып сыртқа  ұмтылған. Бірақ есіктен шыға алмай, терезеден тысқа қашып шығыпты. Ал төр бөлмеде жатқан 30 жастағы баласы мен келіні және төрт жастағы егіз балалары үлгермеген. Көршілері көмекке ұмтылғанмен, үйдің ішіндегі өрттің беті қатты болған. Кенттің өзінде орналасқан өрт сөндірушілер де хабар түсісімен жеткен. Бірақ олар марқұмдардың күйген денесін алып шығыпты. Төртеуі кереуеттен тұрып қана үлгеріпті.Алғашқы болжам: электр желілері тұйықталған. Марқұмның туыстары осы үйде бір күн бұрын электр құрылғыларынан ақау шығып, мамандар жөндеу жүргізген дейді.

«Қазір өрт-техникалық сараптама істеп жатыр. Негізі өрт іште болған.Түн ортасында болған оқиғаны ешкім байқамай, үй иелері де қатты ұйқыда болған. Оның үстіне қазіргі төбе жабындылары, пластикалық тақтайшалар жанғанда улы зат бөлінеді. Марқұмдар бірден тұншығып кетуі мүмкін. Енді оны сот медициналық сараптама анықтайды», — деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов. 

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...