Қасым-Жомарт Тоқаев референдум туралы заңға өзгерістер енгізетін құқықтық құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Республикалық референдум туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Алдында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында референдум әрбір азаматтың ел тағдырын шешуге тікелей қатысуына мүмкіндік беретінін мәлімдеген болатын.

4 мамырда Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына түзетулер енгізу туралы заң жобасын қолға алды. Сол күні оны депутаттар қарап (98 депутаттың 98-і де дауыс берді), Сенатқа жолдады.

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...