12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Баға ырыққа көнбей барады

Айлығы шайлығына жетпей жүрген халық тағы қымбатшылыққа жолықты. Рас, нарықтық заманда бағаға ешкім тосқауыл бола алмайды. Нарықтағы қымбатшылықтың себебі мен салдары қандай? Ресейге салынған санкциялардың Қазақстандағы қымбатшылыққа әсері бар ма? Мамандармен осы сауалдарға аз-кем әңгімелесіп көрдік:

ЖЕДЕЛ СҰХБАТ

Мақсат Халық, экономист:
«Тәуелсіз елдегі – тәуелді экономика»

– Ресейге салынған санкция­лардың біздің баға нарығына әсері қандай, бұдан әрі жағдай қалай болуы мүмкін?
–Бірден айта кету керек, осы жолғы санкциялар жалпы тарихта болған санкциялардың ішіндегі ең күрделісі. Бірақ Ресейдің мұнайы мен газын тежемесе де өте көп санкциялар салынды. Және бүкіл әлем Ресейге қарсы тұрып, тауарларын тұтынбаймыз және ол агрессивті позицияда тұр деуде. Ресей жерінде жұмыс жасайтын компаниялар біз агрессор мемлекетпен жұмыс жасамаймыз деп өз жұмыстарын тоқтатып, өндірісті тастап кетуде. Мысалы IKEA, MARS, DONONE компаниялары, бұдан бөлек 400-ден аса ірі компаниялар Ресейден кетті. Мұның барлығы ендігі күндері осы компания тауарлары тапшы болатынын меңзейді.
Енді біздің нарыққа келер болсақ, біз көбінде Ресей тауарларын тұтынамыз. Кедендік одаққа дейінгі жағдайда Қытай тауарларын қолдансақ, ЕЭО құрылғалы бері Ресейге басымдылық кетті. Қымбаттау салдары өте оңай, Ресей біз ЕЭО құрдық деп, одақ аясында, одаққа кіретін тауарларға БАЖ салығын көтерді. Нәтижесінде біздің халқымыз жақсы көріп айдайтын өзбек елінің «Нексия» көлігі қымбат, «Лада» арзан болып шыға келді. Шын мәнінде «Лада» арзандаған жоқ, сырттан келген көліктерге БАЖ салығы, тех.регламент бағаларын көтеріп тастады. Мінекей осындай қарапайым ғана себептер, бұл барлық тауарларға қатысты шарт. Енді аталмыш мәселе тек көлікке ғана қатысы бар дүние емес, Ресей әлемдегі барлық компанияларға ЕЭО-ты алға тартып, шақырту жасаған. Осыдан кейін ірі компаниялар өз жұмыстарын Ресей жерінде кеңейте бастады. Дастарқанымыздан орын тауып, балаларымыз сүйсіне жеп жүрген «сникерс», «марс» шоколадтары, одан бөлек химиялық заттар «Доместос», «Ариел», «Тайд» осының барлығы Ресейде өндіріледі. Бізді таң қалдырғаны, «Домик в деревне», «Простоквашино» сүт өнімдері Ресейдің емес DONONE компаниясының өнімі екен. Ендігі кезекте біз, ірі компаниялардың барлығы өз жұмыс­тарын тоқтатып, тауар тапшылығы бастау алғанын байқап жатырмыз. Дәрі-дәрмек пен қарапайым А4 ақ қағаз бағаларының көтерілу себебі де осы. Бұдан бөлек Ресей әлемге қарымта санкция және ЕО-қа санкциясын салды. Қалай десеңіз: «өзінің дәнді-дақылдарын, қантын, бидайын осы сынды тауарларын Орта Азияға күзге дейін шығармаймыз» деді. Енді ол шынымен де күз айларына дейін сақтала ма немесе әрі қарай созыла ма, белгісіз. Қазақстанға келу керек бидайдың барлығына ақысы төленіп, келісім шарт жасалса да Ресей шекарасында тұрып қалды. Осындай жайттардан кейін, аталмыш тауарлардың тапшылығы орын алып жатыр, ал тапшылықтың соңы баға қымбатшылығын туғызуда.
Бұдан әрі қарай да осылай кете берсе, әлем бойынша ашаршылық болуы мүмкін. Ресей мен Украина әлемдегі астық экспортының 30% беретін, бүгінде бұл көрсеткіш 0% болып тұр. БҰҰ 1,7 млрд адам аш қалуы мүмкін деп дабыл қағуда. Мұның бәрі кедей және дамушы елдерге өз әсерін тигізбей қоймайды. Бізде енді бұл тұста өзіміздің бидайымыз, азық-түлік қауіпсіздігіміз бар. Дей тұрғанмен, осы азық-түлік қауіпсіздігін біздің үкімет қаншалықты қамтамасыз етіп отыр, көктемдегі егістік жұмыстары қалай жүріп жатқанына зер салып қараулары керек. Себебі, өткен жылы біз егістік жұмыстарын жылдағыдан 20% аз алдық. Соның салдарынан жем-шөп, ет қымбаттап жатыр. Міні осы мәселелер бүгінде ел үшін өте маңызды. Ал Ресей жағдайына келер болсақ, көрші мемлекет дефолттың алдында тұр.
– Баға бір орнында тұру үшін мемлекет қандай әрекеттер жасауы керек?
– Бірінші кезекте үкімет тапшы болып қалуы мүмкін тауарлардың тізімін жасақтап, сол тауарларды жеткізудің жаңа тізбектерін қамтамасыз ету керек. Екінші кезекте, біздің ауыл шаруашылығына қатыс­ты өнімдерді, егіс алқаптарындағы жұмыстарды кеңінен, қуаңшылыққа төтеп беретін тұқымдар егу жұмыс­тарын қолға алу керек. Үкіметтің не­гізгі міндеті бағаны ұстап тұру не, базар аралау емес. Негізгі міндеттері жаңағы шаруалармен келісім жасау. Шенеуніктер шаруаларға қажетінше тұқымдар жеткізіп беріп, олармен белгілі мөлшерде өнім берулерін талап ету керек және олардың еңбегі ақталатындай қаражатқа сатып аламыз деп форвардтық келісім жасау керек. Осы кезде ғана арада ешқандай делдал болмайды. Осындай әрекеттермен бағаның қымбаттамауын қадағалай алады. Ал зауыттармен бағалық келісім жасасу керек. Міне үкіметтің негізгі міндеті осындай.
Тағы бір міндеті жылыжайларды барынша қамтамасыз етіп, тамшылатып суару, газбен жылыту мәселелерін шешіп берсе үкімет қыруар жұмыс жасаған болар еді.

Дос Көшім, саясаттанушы:
«Бүкіл саяси, ұлттық жағдайымыз Украинамен өте ұқсас»

– Ресейге салған санкциялардың әсері елімізге қалай болып жатыр деп ойлайсыз?
– Әлемдегі жағдай елімізге жалғыз қаржы жағынан ғана емес, жоғары технология, көлік, керек десеңіз экспорт жағынан да әсерін тигізіп жатыр. Қазақстанның кемелерін, көліктерін қабылдамай жатқан жағдайларға куә болып отырмыз. Тікелей біздің банкпен Ресей банкінің арасындағы байланысты жақсы білеміз, осы деңгейде мәселелер үсті-үстіне жиналуда. Және ең басты санкция салып жатқан елдердің қорқатыны, Ресей осы санкцияларды айналып өту үшін Қазақстанды пайдаланады деген қорқынышпен елімізге бақылауларын күшейте түсті. Қысқасы мұның барлығы ЕО бойынша рубль мен теңгенің байланысы өте мықты екенін білеміз, олардың қаржылық мәселесіне түскен санкциялардың барлығы бізге де әсер етіп жатқанын көріп отырмыз. Санкциядан кейін Ресейде тауарлар қымбаттаса, біз сол тауарларды бұрынғы алған бағадан қымбат алып, өз жерімізде одан да қымбатырақ сатуға мәжбүр боламыз. Яғни, азық-түлік, технология бұрынғыдан едәуір бағалары көтеріледі. Бұл соңғы екі айдың ішіндегі нақты көріністер. Мысалы, өзімнің алты мың теңгеге алып жүрген балығым тоғыз мың теңге болды, демек кем дегенде 50% нарыққа қосылды деген сөз. Ал 10-12% дегенге өз басым сенбеймін, халық та өзінің тоңазытқышына қарап бағаны біледі.
Сондықтан біз соғысқа қатыспасақ та, Ресейді қолдамасақ та, біз одақтас есебінде санкциялардың жазасын тартып отырмыз.
– Аталмыш оқиға осылай жалғаса берсе, бізге қандай қауіп бар?
– Ресейдің экономикасы осы 6 айдың ішінде құлдырайды, қазірден-ақ бастауын алып келе жатыр. «Бөрі арығын білдірмес, итке жүнін қомпайтар» дегендей. Бүгін олар бұл тұсын көрсетпей отыр. Көптеген зауыт-фабрикалар Ресей нарығынан кеткенінен хабардармыз, енді көршілерде жұмыссыздық басып келе жатыр. Демек Ресей өз бюджеттерін екіге бөледі, бірін әлеуметтік мәселеге бұруға тура келеді, қалғанын соғысқа қалдырмақ. Егер соғыс осы жылдың соңына дейін созылатын болса, Қазақстанға ең үлкен қауіп Ресей халқының бізге қоныс аударуы, бізден зат сатып алуы және бізден жұмыс іздеуі болмақ. Бізде мұндай жағдайларда ешқандай шектеу қойылмаған. Ал Ресейдің өзінде шектеулер бар, азаматтығын алу үшін орыс тілін білу керек, Ресей тарихынан хабардар болу қажет. Бізде, қазірдің өзінде уақытша тұруға келіп жатқандар бар, олар көбейген сайын Қазақстанда қазақ мектептері, қазақ балабақшасы деген сөзге үлкен қауіп төнеді. Себебі, олар келген жердің бәрінде балаларын орыс мектептеріне, орыс тілді балабақшаға береді, орыс тілінде сөйлейді, орыс тілінде фирмалар жұмыс істей бастайды, қысқасы біздің ұлтық құндылықтарымызды жаңғыртамыз деген ойымыз, мақсатымыз, арманымызға үлкен бөгет болады. Қазірдің өзінде олар санкциялардың қыспағын әлі көре қойған жоқ, соның өзінде қаншамасы қоныстарын аударып жатқандарын білеміз. Демек, Қазақстан ұлттық жағынан да, әлеуметтік жағынан да, саяси жағынан да үлкен мәселеге тіреледі. Украинадан кейін дәл осындай сценарийдің Қазақстанда қайталану мүмкіндігі бар және оны ешкім жоққа шығара алмайды. Осы тұста соғыстың болуы мүмкін деген мәселені мен 99% көтеруге дайынмын. Өйткені біздің бүкіл саяси, бүкіл ұлттық жағдайымыз Украинамен өте ұқсас. Сондықтан ертең денацификация мәселесі, демилитаризация мәселесі, одан бұрын территорияларды қайтару мәселесі, орыс тілді азаматтарды қорғау мәселесі Ресейдің алдына қойылмақ.

Ғани Еркінұлы

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

Мемлекет басшысы Боао Азия форумы сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

Неге алматылық жүргізушілер қауіпсіздік белдігін таққанды ұнатпайды? Полиция статистикасы

Көптеген басқа қаладағы сияқты Алматыда да жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдігін таққысы келмеу үрдісі сақталған.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жаңа тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.