12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Өндірістік тәжірибенің
маңызы зор

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінде «Теңізшевройл» (ТШО) мұнай-газ өндіретін компания өкілдерімен кездесу өтті.
Жиынға компанияның үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев, құқықтық қамту бөлімінің бас менеджері Әсет Құрманбаев, қоғаммен байланыс жөніндегі білікті мамандар Светлана Қайырғалиева, Раушан Найзабаева, сондай-ақ, журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мадиев, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысовалар қатысты.
Басқосуда факультеттің ұстаздары мен студенттер қонақтарға өз сауалдарын қойды. Қоғаммен байланыс мамандығының алар орны, маңыздылығы және студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру төңірегіндегі ойларын ортаға салды. «Шеврон» компаниясының атқарған әлеуметтік бағдарламалары, алдағы жоспарлары таныстырылып, қазіргі нарыққа қажетті медиамамандар даярлаудың жолдары мен жаңа мүмкіндіктері сөз болды.
1993 жылдан бастап «Шеврон» өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсаған. 2017 жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының бюджеті 25 миллион АҚШ долларына жеткен. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалған. Бағдарлама аясында 110-нан астам әлеуметтік маңызға ие инфрақұрылым нысандары салынып, дәрігерлер, мұғалімдер және техникалық мамандар үшін мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған.
2023 жылы «Теңізшевройл» компаниясының құрылғанына 30 жыл толады. Дәл осы жиында алдағы 30 жылдықта өткізілетін шаралар, ауқымды жобалар және құрылғалы бері атқарылған әлеуметтік жобалар, денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жайлы айтылды.
2007 жылы ТШО кәсіпорыны Сарықамыста тұрған 374 отбасына (1590 адам) арнап Атырау қаласындағы Лесхоз ықшамауданынан жеке кент тұрғызған, қалған 377 отбасына (1889 адам) Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде осыған ұқсас жаңа тұрғын үй кешенін салған.
Компанияның бас менеджері Рзабек Артығалиев «Жұртшылықпен байланыстың маңызы» атты презентациямен таныстырып, «Теңізшевройл» компаниясының мүмкіндіктері мен жетістіктерін атап өтті. Жиын соңында журналистика факультетінің деканы, филология ғылымының кандидаты, доцент Сансызбай Мадиев сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдіріп, кәде-сый тарту етті. Сапалы, нарыққа бейімділігі жоғары маман даярлауда іскерлік қарым-қатынас жалғаса беретініне сенім білдірді.

Аружан Әбихан,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті,
«Қоғаммен байланыс» мамандығының 2-курс студенті

Организация работы в студенческом научном клубе кафедры

(на примере кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики...

Бейбітшілік — баға жетпес байлығымыз

Дана халқымыз «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел...

Бәсекеге қабілетті сапалы білім — ел дамуының негізі

Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің...

ҚазҰУ — білім мен ғылымның қара шаңырағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының...

ҚазҰУ — жарқын болашақ кепілі

15 қаңтар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күні....