Төрт сағатқа созылған ота сәтті аяқталды

Қарасай аудандық ауруханасының дәрігерлері спецификалық емес ойық жаралы колит дертіне шалдыққан 35 жастағы тұрғынды аман алып қалды. Дәрігерлер амебалық дизентерия диагнозымен инфекциялық бөлімшеге түскен науқасты консервативті емдеу тиімді болмағанын айтады. Науқасқа жасалған медициналық тексеру нәтижесінде спецификалық емес ойық жаралы колит дерті анықталған. Төрт сағатқа созылған операция аталған аурухана директоры Малғаждаров Маулен Сансызбайұлының тікелей қатысуымен жасалған.
-Ауруханаға ауыр жағдайда түскен науқасқа шұғыл түрде ота жасау қажет болды. Өйткені операцияға дейін көп қан жоғалтқан әрі ішекке қан кеткен. Төрт сағатқа созылған операция кезінде зақымданған ішекті қалпына келтіріп, қажетті шаралардың барлығы жасалды. Операция сәтті өтіп, қазір науқас оңалту орталығында, — деді профессор, Қарасай аудандық ауруханасының директоры Маулен Сансызбайұлы.
Сонымен қатар Маулен Сансызбайұлы аурухана барлық қажетті медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілгенін және аурухананың тәжірибелі мамандары кез келген отаны жедел түрде жасауға машықтанғанын жеткізді.
Тәжірибелі мамандардың арқасында аман қалған науқас, дәрігерлерге шексіз ризашылығын білдірді.
Айта кету керек, науқасқа күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде жасалды.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...