Алматыда пәтер иелері кооперативінің бұрынғы басшысы қамауға алынды

Алматыда «Премьера» тұрғын үй кешенін басқарған пәтер иелері кооперативінің (ПИК) бұрынғы төрағасы қамауға алынды. Бұл туралы Наурызбай ауданының прокурорлары Facebook желісінде мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше жыл бойы тұрғын үй кешенін басқаруға байланысты мәселелер тұрғындар арасында наразылық пен келіспеушілік тудырды. Тұрғын үй кешеніне екі ПИК қызмет көрсетеді, оның бірі — «Құрмет достар» тұтыну кооперативі. Тұрғындар өтінішінен кейін прокурорлар қала тұрғындарының уәжі мен басқа да материалдарға талдау жасаған.

«Талдау нәтижелері бойынша, соталды тергеп-тексеруді бастау үшін жеткілікті негіз бар екені анықталды. Прокуратура соалды тергеп-тексеруді тіркеуге бастама жасады және оны тіркеу кезінде тиісті сараптамалар мен басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілді», — делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы бойынша «Құрмет Достар» ТК есепшотында 70 миллион теңгеден астам қаражат жетіспейтіні анықталған. Тұрғындар нысанды күтіп ұстау бойынша қызметтер үшін төлеген, бірақ қаланың коммуналдық қызметтеріне түспеген.

«Осыны ескере отырып, аудан прокуратурасымен ПИК-тің бұрынғы төрағасын күдікті деп тану туралы шешім келсілді, ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (яғни аса ірі мөлшерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша оның әрекеттерінің біліктілігі анықталды.

Сондай-ақ, прокуратура жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеу органның бұрынғы ПИК төрағасын қамауға алу қажеттілігі туралы өтінішін қолдады, ол кейіннен соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Терге аяқталғаннан кейін қылмыстық істі қарау және түпкілікті үкім шығаруға сотқа жіберіледі», — делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, коммуналдық қызметтер алдындағы берешектеріне қарамастан, осы тұрғын үй кешені электр-жылумен жабдықтаудан ажыратылмаған.

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника...

«Қызғылт қазан»: Жетісу облысында сүт безі обырын ерте анықтауға бағытталған шаралар өтуде

Жетісу облыстық көпсалалы клиникасының мамандары «Қызғылт қазан» айлығы аясында...

В АМКБ впервые имплантировали электрокардиостимуляторы Biotronik Solvia и Amvia

В Алматинской многопрофильной клинической больнице (АМКБ) прошёл международный мастер-класс...

АККА-да Biotronik Solvia және Amvia электрокардиостимуляторлары алғаш рет имплантацияланды

Алматы көпсалалв клиникалық ауруханасында (АККА) жүректің табиғи өткізгіш жүйесін...

Қазақстандағы әлеуметтік реформа: Азаматтардың өз еркімен жәрдемақыдан бас тартуы

Қазақстанның ауқатты азаматтары әлеуметтік желілерде балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны...