«112-ден» келген хабарға назар салыңыз: ТЖД алматылықтарға үндеу жасады

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті таудағы ауа райының нашарлауына байланысты мегаполис тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 мамырда Алматының тауларында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, 25 метр болады, – деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды тауда серуендеуден бас тартуға шақырады.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың «112-ден» келетін хабарламаларға назар аударуды өтінді.

Электрондық дәлелдемелерді сотта қолданудың маңызы зор

Цифрландыру процесі барлық салада, оның ішінде сот құрылымында да...

Сталкинг үшін жауаптылық қарастырылған

Мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Ешкімнің біреудің жеке...