74,5 миллион теңге ұрлаған. 8 жыл іздеуде болған күдікті ұсталды

Қызылордада полицейлер 10 жыл бұрын фирмадан 74,5 миллион теңгеден аса қаражат ұрлады деген күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді.

Қостанай облысының 56 жастағы тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылып, іздеу жарияланған.

Бұл оқиға бойынша арнайы іздестіру шаралары жүргізілген.

Портал мәліметіне қарағанда, 2012 жылдың ақпанында күдікті сыбайласымен бірге жалған келісімшарт негізінде Қызылорда қаласындағы фирмалардың бірінен 74 580 940 теңге көлемінде ақшаны банк арқылы есепшотына аударып, жымқырып кеткен. Іздестіру шараларының нәтижесінде, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысында ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласында қамауға алынды.

В Баку  открылась    международная выставка «Традиционная культура казахов»

В Национальном музее истории Азербайджана состоялась торжественная церемония открытия...

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНГРЕСІ ӨТТІ 

2026 жылғы 12 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының...

ТҰҒЫРЫ БИІК ЖАС ҚЫРАН: БАУЫРЖАН ӘЛИДІҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ

Қасиетті Әулиеата топырағынан түлеп ұшқан жас дарын, бокстан Қазақстан...

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...