«Өз әйелі ғой, өзі біледі». Данияр Елеусіновтің жарымен түскен суреті Желіде талқыға түсті

Желіде қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің әйелімен түскен суреті талқыға түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елеусінов жарымен түскен суретін Instagram-парақшасында жариялаған. Онда боксшының жары никаб (мұсылман әйелдердің бас киімі, онда беті толық жабылып, тек көзі ашық қалады — авт.) киген. 

Желі қолданушылары боксшының жарының бұл киіміне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Онда пікірлер қақ жарылған:

«Жамылады дегенге қатты жамылып кеткен емес пе?», «Өз әйелі ғой, өзі біледі», «Бұл ата-бабаларымыздың әйелдерінде болмаған киім екен», «Бұл мұсылманның киімі», «Жетпегені осы еді».

Кейін боксшының өзі оқырмандарына жауап берген. Бұл Сауд Арабиясында түсірілген сурет екенін айтты. 

«Ей, халайық, менде не шаруаларың бар? Өз өмірлерің керемет болса, мында жазбас едіңіздер… Бұл Саудиде түскен сурет. Мұнда былай жүруге болады… Әйелім никаб тақпайды, негізі бұл жерде масканың орнына таққан… Сәукеле, кимешек пен тақия кигендерге… Батыстың киімін күнде киіп жүргендеріңізді ұмытпаңыздар… Бір рет арабтікін кигенде көріп қалады екенсіздер», — деп жазды Данияр Елеусінов. 

Еске салайық, Данияр Елеусінов кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леальді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бұл кездесуден соң Елеусінов жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған еді. 

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...