12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Атырауда митингке шыққандар қаңғыбас иттерді атуға рұқсат беруді талап етті

30 сәуірде Атыраудағы Ретро саябаққа 60-қа жуық қала тұрғыны жиналды. Арасында әйелдер қауымы басым болды. Олар қаңғыбас иттерді ату шарасын қайта күшіне енгізуді талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Аналарға көмек» қоғамдық қоры аналармен бірге ит атуды қайтаруды талап етуде. Олардың арасында балалары зардап шеккендер бар. Мысалы, Водников ауылы тұрғынының ұлын екі жыл бұрын ит қауып алған. Жақында №21 мектептің жанында осы мектептің оқушысын да ит қауып алды. Дәрігерлер баланы тексеріп, құтыру ауруына қарсы екпе салған соң, оны үйіне жіберді, делінеді Ақ Жайық басылымындағы материалда.

Бұл оқиға осыдан төрт күн бұрын ғана болды. Мен сол жерге жақын тұрамын. Ұлым зардап шеккен баламен бір сыныпта оқиды. Мектептің төңірегінде үнемі 5-6 ит жүреді. Балам үшін қорқамын, иттер көбейіп кеткен, сондықтан ит атуды қайтаруды талап етемін, – дейді Зухра Ильясова.

Айтпақшы, бұл рұқсат етілген митинг. ҚБ жетекшісі әрі акцияны ұйымдастырушы Сандуғаш КӨКЕНОВА 15 күн бұрын қала әкімдігіне өтініш бергенін айтады.

Айта кетсек, былтыр Атырау облысында бұралқы ит-мысықтарды жоюға 47 миллион теңге бөлінсе, оның 25 миллионы облыс орталығының үлесіне тиген. Бірақ қазіргі уақытта бұл жұмыс жүргізілмейді. 2020 жылға дейін қаңғыбас иттерді атумен жеке кәсіпкерлер айналысып келсе, енді бұл функция қалалық ветеринариялық станцияға өткеннен кейін жануар қорғаушылар бұл жұмысқа кедергі бола бастады. 2021 жылы жануар қорғаушылар жануарларды жоймай, оларды арнайы питомниктерде ұстауды талап етті. Олардың уәждерін ескере отырып, әзірге тұрақты түрде ит атуды тоқтатып, қала тұрғындарынан нақты арыз-шағым түскен жағдайда ғана көзін жою туралы шешім қабылданды. 

Сотталғандарға QazaQ Classic концерт залында мәдени іс-шара ұйымдастырылды

Астана қаласы ҚАЖД Байқоңыр ауданының пробация қызметі Астана қаласы...

Бостандыққа психологиялық дайындық жүргізілуде

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының...

Первые квартиры получили пострадавшие от паводка жители областного центра

Сегодня в Кокшетау состоялось вручение ключей от квартир пострадавшим...

Су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығының алғашқы тұрғындарына пәтерлер берілді

Бүгін Көкшетауда су басу аймағында қалған зардап шеккен тұрғындарға...

Субботник прошел на территории некрополя «Кошкар ата» в Мангистау

В рамках стартовавшей в стране экологической акции «Чистый Казахстан»...