12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотталғандар мерекеге орай спорттық жарысқа қатысты

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу мекемесінде 1- мамыр «Қазақстан халқының бірлігі» мерекесіне орай, спорттық іс-шара өтті.

Бұл іс шара мекенің АКАӘПТБ-інің жоспарына сай, Қызылорда облыстық денешынықтыру басқармасы әдіскерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Өткізілген жарысқа мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары қатысты. Іс- шараның мақсаты: бірлік мерекесін атап өте отырып, қамаудағы азаматтар арасында өзара достық қарым-қатынасты нығайту, ауызбірлікке шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Шара барысында, олар волейбол мен футболдан жарысқа түсті. Жарыс тартысты өтті.

Жеңген топтың топ басшыларына кубок пен мақтау қағаздары тапсырылды.Бұл жарыс бізді сергітіп, жақсы көңіл -күй сыйлады. Мен өзбек азаматымын.
Барша Қазақстандықтарды 1- мамыр мерекесімен құттықтаймын. Қонақжай, бауырмал қазақ елінде әртүрлі ұлт өкілдері, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осы бірлігіміз арта берсін. Мен өзбек болсам да, Қазақстанда тұрғандықтан жергілікті халықтың салт-дәстүрі мен тілі, әдет-ғұрыптарына құрметпен қараймын. Бұндай көзқарасты ұстануды өзімнің ел бірлігін арттырудағы азаматтық үлесім деп ойлаймын — дейді, Б есімді жазасын өтеуші. Спорттық іс- шаралар, сотталғандарды ынталандырып, жақсы мінез-құлықта болуға бағыттайды. Біздің мақсатымыз, бас бостандығынан айрылған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу.

Ал, спорттық іс-шаралар олардың бостандыққа шыққан соң, салауатты өмір салтын ұстануға жетелейді- дейді,бөлім бастығы әділет капитаны А. Тұрманов.

Сотрудники УИС оказывают помощь осужденным

Осужденный А., состоящий на учете службы пробации Илийского района,...

РАТТ МҮШЕСІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық Дін істері басқармармасының ұйымдастыруымен «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндірме...

Есепке тұрған сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Астана қаласының...

“Бақылаудан жалтыру”

Қайталанған әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында...