12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Полигонда криминалистерді оқыту

Алматы 1 ст. ЖПБ криминалистикалық полигонында жедел-іздестірумен криминалистика қызметкерлерін  оқытты.

Криминалист өзінің саналы практикалық қызметі барысында өз ісінің нағыз маманы болу үшін оқып үйренеді. Криминалист мамандар үнемі оқулардан, курстардан өтеді, әртүрлі зерттеулер жүргізу құқығына рұқсаттарды, сондай-ақ оқиға болған жерді қарау және тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасы мен әдістерін қорғайды.

Жедел-іздестіру және криминалистикалық бөліністермен тұрақты негізде тергеу тактикасы мен әдістері бойынша өткізілетін оқу сабақтарынан Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімшесінің криминалистері де тыс қалмайды. Оқыту арнайы жабдықталған аудиторияда және криминалистикалық полигонда көрнекілілік принципі бойынша модельдеу әдісімен өтеді. Криминалистикалық полигон кәсіби біліктілікті арттыру үшін тәжірибелік сабақтар өткізуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Алматы 1 станциясындағы басқарманың криминалисткалық полигонында  Алматы 1 ст. ЖПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Жүсіпов пен жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы Т.Абдуллаев тергеу және жедел криминалистика қызметкерлерінің құрамы үшін «Темір жол көлігінде жүктерді ұрлау кезінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, оқиға орнын тексеру» тақырыбында кезекті  тәжірибелік сабақ өткізді.

Жас мамандарға тауар ұрлығына қарсы күресте қолданылатын заманауи ғылыми-техникалық құралдар мен әдістер көрсетіліп, тексеру жүргізу тактикасы бойынша практикалық жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау үшін қылмыскерлердің жүк вагондарына, құлыптау құрылғыларына, сондай-ақ вагондардың бүйірлік және төбе люктеріне қалай бұзып кіретіні көрсетілді.

Оқытудың мақсаты – жоғары білікті тергеушілер мен криминалист мамандарды даярлау. ЖПБ жедел-криминалистикалық бөлімшесінің заманауи материалдық базасы — сабақта қол іздерін (аэрозольдер, саусақ ізі ұнтақтары, йод түтіктері, люминесцентті ұнтақтар, циану, нингидрин), шаң арқылы трассологиялық іздерді және  алу және анықтау үшін ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл материалдық-техникалық құралдар криминалистикалық мазмұндағы дәстүрлі және интерактивті әдістерді қолдануға ықпал етеді: қылмыстарды тергеу және ашу бойынша орындалған практикалық әрекеттерді талқылау, саусақ іздерін алу дағдылары, гипстен түсіру, кейс әдісі, оқу мәселесін шешудегі ситуациялық әдіс, бәсекелестік практикалық тапсырмаларды одан әрі талқылай отырып орындау.

Криминалистикалық полигонда оқуды өткізу білім қорын толықтырып қана қоймай, жас мамандардың кәсіби шеберлігіне сенімділік береді, сонымен қатар әлемдік криминалистикалық тәжірибесінің жаңалықтарын меңгеруге және алға қойылған міндеттерді шешуде ұжымды біріктіруге мүмкіндік береді.

Практикалық оқытудан кейін тергеушілер мен криминалистер теміржол көлігіндегі жүктерді ұрлауды тергеу және қылмыспен күресу бойынша алған кәсіби тәжірибелік білімді  жоғары бағалап, жүргізілген сабақ үшін алғыстарын білдірді.

Алматы 1 ст. ЖПБ

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...