12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Криминалист болу —  тағдыр тартуы

Криминалист мамандығы өте қызықты және маңызды. Криминалистика көне замандардан басталады. Гиппократтың еңбектерінің бірінде өлтірілген адамның денесін тексеру тәртібі оған келтірілген жарақаттар ішінен өлім жарақатын анықтау тәртібі егжей-тегжейлі сипатталған. Ресми түрде криминалист мамандығы 19 ғасырда пайда болды және австриялық заңгер Ганс Гросс негізін қалаушы болып саналады.

Криминалист болу үшін жоғары заң білімі туралы дипломының болуы жеткіліксіз. Криминалист бойында мына  қасиеттер болуы керек: жақсы есте сақтау, аналитикалық дағдылар, дәлдік, жетілген логика, ұқыптылық, шыдамдылық пен табандылық, мықты денсаулық.

Құқық қорғау органдарында, жеке зертханалар мен детектив агенттіктерінде криминалистер үлкен сұранысқа ие.

Жазаның бұлтартпастығы мінсіз дәлелдемелерге негізделуі тиіс болғандықтан, криминалистерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Оларсыз бірде-бір тергеу басталмайды, оқиға орнына келгенге дейін ешкімнің қылмыс болған жерде қозғалуға немесе ештеңені ұстауға құқығы жоқ. Криминалист – жазатайым оқиға болған жерде дәлелдемелерді жинайтын және зерттейтін, тергеу барысында қылмыскерді анықтауға және оның кінәсін дәлелдеуге көмектесетін маман.

Криминалисттің міндеттері — қылмыс болған жерді қарау,фото, видео түсіру, анықталған дәлелдемелерді сәйкестендіру және нөмірлеу,алынған iздер бойынша алдын ала қорытынды беру,криминалистикалық жазбалар мен коллекцияларды жүргізу (саусақ ізі, фото/бейне, трассологиялық, одорологиялық және ДНҚ жазбалары), зертханалық зерттеулер және басқа да көптеген жұмыстар жүргізу.

Бүгін біз Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасы жедел-криминалистикалық бөлімшесінің криминалист мамандары  туралы айтпақпыз. Ежелден Алматы 1 ст. ЖПБ жедел-криминалистикалық қызметі бүкіл ел үшін кәсіби мамандардың ұстаханасы іспеттес болған. Қазақстандағы көліктегі криминалистикалық бөлімшелер 20 ғасырдың 30-жылдарында жас Қазақ КСР-і үшін  маңызы зор Түркістан-Сібір темір жолын салу кезінде көлік полициясымен  қатар  құрылды.

Түрксіб теміржол магистралінің ашылуымен Алматы-1станциясында ІІХК-ның желілік бөлімі құрылды. Әр уақытта көрнекті көлік криминалисттері Б.Мұхамеджанов, Л.Кобыщ, Г.Величковский, Г.Сағадиев, Р.Ниязов, С.Гайдук, И.Жұманов, И.Савельев, Б.Жақыпбаев, Г.Солнцева, Т.Ерқасымов, Х.Шутенов және көліктегі қазақстандық криминалистиканың бастауында тұрған көптеген басқа да тұлғалар.

Бүгінгі күні Алматы 1 ст. ЖПБ ЖКб  криминалист мамандары криминалистикалық құжаттармен жұмыс істеу үшін заманауи компьютерлік технологияларды белсенді түрде пайдалануда. Қылмысқа қарсы күресте «Papillon» АДАЖ саусақ ізі ақпараттық-іздестіру жүйесі белсенді түрде қолданылуда, оған оқиға орнынан алынған қол іздері, анықталмаған мәйіттер және ұсталған қылмыскерлердің саусақ іздері енгізіледі.

Куәлар мен жәбірленушілердің сөздерінен қылмыстар бойынша криминалистер «Фоторобот» арнайы бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, қылмыс жасаған адамдардың субъективті портреттерін жасайды. 2021 жылы  ААІЖ Obraz+ 3.0 автоматтандырылған іздеу жүйесі жаңартылды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректер базасына қашықтан қол жеткізе алады. Бұл жүйе белгілер, жеке деректер және фотосуреттер бойынша іздестірілуші адамдардың фотосуреттерін жылдам іздеуге мүмкіндік береді.

Жедел-тергеу бөлімшелерінің жас мамандары тәжірибелі басшылардың жетекшілігімен айғақтарды және заттай дәлелдемелерді анықтау, бекіту және алу негіздеріне, тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасына оқытылатын криминалистикалық полигон —  Алматы1 ст. Желілік полиция басқармасының  мақтанышы десек те болады. Криминалистикалық полигонда жас мамандар күнделікті тергеу-іздестіруде пайдалану үшін қажетті практикалық дәрістерді өткізеді. Криминалистикалық полигон жас мамандарды даярлауға қажетті темір жол, жүк вагоны және арнайы криминалистикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Теміржол көлігіндегі жүктерді ұрлау фактілері бойынша оқиға орнын қарау тәжірибелік сабақтарына үлкен мән беріледі.

Қазіргі уақытта жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы қызметін жедел-тергеу бөлімшелерінде мол тәжірибесі бар полиция подполковнигі  Т.Абдуллаев  атқаруда.

Темір жол көлігіндегі қылмыстарды ашу және тергеу туралы Алматы 1 ст. ЖПБ  криминалистер  өмірінен бірнеше мысал келтіре кетейік.

Сонымен, 2021 жылдың сәуір айында басқарма кезекші бөліміне Алматы 1ст .ӘТЖК күзетшісінен Бұрындай станциясының 4-ші жолында тұрған жүк вагонынан  белгісіз біреулер тарапынан вагон мөрін жұлынып, «Фьюс Ти» сусыны  ұрланған деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнын тексеру барысында криминалист мамандар құлыптау-пломбалау құрылғылары мен орау полиэтиленінен 3 иіс ізін анықтады.

2021 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кинологиялық Орталығы Одорологиялық институтында одорологиялық сынама жүргізілді, онда «Асти» және «Азарт» қызметтік-іздестіру итттері Ш., А. және Я. есімді күдіктілердің донорлық иістерін, құлыптау-пломбалау құрылғылары мен орау полиэтиленінен иіс анықтайды, содан кейін күдіктілер  кінәларын мойындаған.

Тағы бір оқиға 26.07.21 күні Алматы қаласы Түрксіб ауданы ПБ кезекшісінен, локомотив депосының ғимаратында, киім ауыстыратын бөлмеде белгісіз біреу 1989 жылы туған Н.-ның аяғы мен қолына қарудан оқ атқан. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99бап 1-бөлігі,  24бап 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталады.

Тінту кезінде саусақ іздері алынған «Наган» тапаншасы тәркіленді. «Papillon» АДАЖ деректер базасын пайдалана отырып, осы іздерді тексеру барысында  күдікті К. анықталды. Криминалист оң салыстырмалы саусақ ізін зерттеу жүргізгеннен кейін күдікті К. уақытша ұстау изоляторына қамалды және бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынды.

Алматы 1 ст. ЖПБ

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...