12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сотқа дейін дауды шешудің тиімді жолы — татуласу

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастардан және өзге де қоғамдық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу барысында, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Көп жағдайда азаматтар тек азаматтық не қылмыстық сот өндірісінің шеңберінде татуласу мүмкін деп қате ойлайды. Алайда, әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша да татуласу мүмкіндігі бар. «Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (ары қарай– ӘҚБтК) 64-бабы «Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату» деп аталады.

Бұл бапқа сәйкес ӘҚБтК-нің  73, 73-1, 73-2, 79 (бірінші бөлігінде), 146, 185, 186, 220, 229 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.

Еліміз егемендік алған уақыттан бергі кезеңде, өзінің құқықтық саясатының басты бағыты ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерінің қорғалуына негізделген құқықтық мемлекет құруды таңдағаны мәлім. Осы мақсатта Елбасының 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі құқықтық саясатының Концепциясы» бекітіліп, онда сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сотқа қатысушы тараптардың өз құқықтарын барынша толық жүзеге асыруына жағдай жасау, тұлғаның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерінің уақтылы қорғалып, қалпына келтірілуіне қол жеткізу шаралары көзделген. Концепцияда тараптардың арасындағы жеке құқықтық дауларды шешуде сот ісін жүргізу және соттан тыс тәртіпте дауды бітімгершілікпен шешудің әр түрлі баламалы жолдары мен әдістерін, оның ішінде медиация, делдалдықты қолдану айтылған.

Медиация қызметінің тиімді жағына көз салсақ, бұл қызмет ең алдымен қоғамды ізгілендіруге жол ашады. Яғни, медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың, яғни, медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық тең құқылығын сақтай отырып тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Ең бастысы медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады.

      Қазіргі таңда, әлемдегі мемлекеттерде медияция институтының тәжірибелерінің өміршеңдігі негізінде көптеген даулы мәселелердің бітімге келу арқылы оң шешімдерді тауып жатқаны анық.

     Медиация – тәуелсіз, бейтарап үшінші жақ болып, болып табылатын медиатордың дауларды шешу нысаны. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға» деген мағынаны білдіреді. Медиация тәжірибесінің мақсаты билер соты сияқты дауласушы тараптардың дауласушылық деңгейін төмендетіп, тараптарды бітімге келтіріп татуластыруға қол жеткізу. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы, яғни тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз, екі жақты татуластыру рәсімі деп түсіндіруге болады.

      Қазіргі уақытта татуластыру рәсімін қылмыстық және азаматтық істер бойынша белсенді түрде кеңінен қолданылуда. Соттан тыс заңды дауларды шешудің кеңінен қолданылуы (мысалы сөйлесу, делдалдық), онша ауыр емес ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша жәбірленушімен татуласу бітімгергішілікке келудің тиімді жолы екендігінің айқын көрінісі деп білем.

Дуанбеков Данияр Болатжанұлы, Тараз қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының судьясы 

 

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...