12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақиқат іздеген қандас: Заң баршаға ортақ

Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай қарастырылған. Әсіресе заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй  белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан  олардың шама-шарқы жететін ақыға беріледі. Конституцияның 25-бабының 2-тармағында осы туралы нақты айтылған. Алайда  кейбір жергілікті атқару органдарының жұмысқа салғырт қарауының  салдарынан зардап шегетіндер бар. Соның бірі — Талап қоюшы  Г.Қосшыбаева /аты-жөні өзргертілген/ біржола қоныс аударып  Өзбекстаннан келген.  Жалғыз ілікті жанның бөтен ешкімі жоқ. Баспана басты базынасы. Қандасымыз жергілікті атқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге,  БАҚ-қа бірнеше рет өтініш айтқан. Себебі мемлекеттік тұрғын үй қорына, атап айтқанда тарихи отанына оралған қандастарға арналған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үй алу үшін 2015 жылдан бастап бірнеше рет кезекке тұрмақ болады. Алайда белгісіз себептермен тек 2019 жылы кезекке тұрған.  Жергілікті атқарушы органның шешімімен келіспеген ол өз шындығын дәлелдей алмай дал болады. Сөйтіп өзінен әлдеқайда күші мен билігі басым мемлекеттік аппаратпен бетпе-бет келеді.  Г.Қосшыбаева мәжбүрліктен 2015 жылдан бастап үйге мұқтаждарға арналған тұрғын үй мемлекеттік қорына есепке қою және әуре-сарсаңға салған жергілікті атқару органының әрекетсіздігін заңсыз деп тану жөнінде сотқа жүгенген.
Сотта жауапкердің өкілі өзі жұмыс істейтін  мемлекеттік мекемеде 2015-2016 жылдары құжат айналымы қағаз түрінде болғанын айтып, Г.Қосшыбаеваны сол уақыттан бастап үй кезегіне тіркеу үшін берген құжаттарын растайтын дәлелдің болмауына байланысты есепке 2019 жылдың сәуір айынан бастап қойылғанын айтты.
Істі әділ әрі жан-жақты қараудағы судьяның белсенділігінің рөлі зор. Айта кетерлік жайт, жаңа кодекстің ерекшелігі әкімшілік сот ісін жүргізудегі соттың белсенді рөлі. Себебі жария-құқықтық дауларда сотқа дау айтып келген қарапайым адаммен бүтіндей бір аппараты бар машина саналатын мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның тең емес екендігі бесенеден белігілі. Сондықтан осы тараптар арасындағы теңдікті қамтамасыз ететін бұл қағидат әкімшілік әділет институтын дамытудағы басты құралдардың бірі.
Төрағалық етуші бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін өз бастамасымен дәйектер мен дәлелдер жинау үшін өзге мемлекеттік органдарына сұраныстар жолдаған. Нәтижесінде 2015 жылы прокуратура органымен Г.Қосшыбаеваның арызы қаралу барасында тұрғын үй алуға қатысты құқықтарының бұзылуы анықталған.
Прокурорлық тексеру нәтижесімен Г.Қосшыбаеваның жергілікті атқарушы органына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге есепке қою туралы өтінішпен жүгінгені анықталған.
Бірақ, «тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Г.Қосшыбаеваның арызын үй алу санатына құжаттарының сәйкес келмеуіне байланысты қанағаттандырудан бас тартқан, алайда бұл есепке қоюдан бас тартуға заңдық тұрғыдан негізсіз еді.
Тексеру қорытындысы бойынша 2015 жылғы 28-желтоқсанда прокурормен аудан әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілген.
Әкімдік прокурордың ұсынысына Г.Қосшыбаева «Жасы бойынша зейнеткерлер» санаты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне 2016 жылғы 28-қаңтарда қойылды, ал заң бұзушылыққа жол берген мекеме маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылған деп жауап берген.
Шын мәнінде сол уақытта белгісіз себептермен есепке алынбай, үй алу кезегіне 2019 жылы қойылған.
Істің мән-жайын толық зерделеген судья талап қоюшының әкімшілік талабы орынды деген тұжырымға келген.
Соттың шешімен Г.Қосшыбаева мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне «Халықтың әлеуметтік осал топтары: жасы бойынша зейнеткер» санаты бойынша есепке алу мерзімі 2016 жылғы 28 қаңтардан бастап қалпына келтірілді.
Адамды осынша әбірге салған мемлекеттік мекемеге жеке ұйғарым шығарылды.
Бүгінгі күні соттың шешімі заңды күшіне енді және заңда белгіленген мерзімде орындалды.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар ашылғалы бері шамалы уақыттың өзінде-ақ шындығын дәлелдей алмай жүрген азаматтарымызға ақиқаты мен бұзылған құқығын қалпына келтіретін орынға айнала білді. 
 

Ш.І.Мырзалы,

Ақтөбе облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...

Жемқорлықпен күрес тоқтамақ емес

Жемқорлықпен күрес мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі. Елімізде сыбайлас жемқорлық...

Сот органынан шығатын ресми құжатты апостильдеу

Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың...

Электронное судопроизводство как фактор повышения открытости судов

Судебная система в числе первых органов государственной власти перешла...

Талап арыз қай тілде берілсе, сот ісі сол тілде жүргізіледі

Тіл – ұлттың тірегі. Ұлттың ұлт ретінде дараланып, тарихы...