12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қоғам мен биліктің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі әкімшілік әділеттің орны

Әкімшілік әділет – құқықтық мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың және әкімшілік құқықтың маңызды атрибуты. Бұл құқықтық институтты жариялы-құқықтық дауларды қарайтын арнайы сот органдарының жүйесі ретінде, сот ісін жүргізу түрі немесе атқарушы билік органдарының қызметін қадағалау ретінде түсінуге болады. 
Әкімшілік әділет құрылымының ұйымдық құрамдас бөлігіндегі әр түрлі көзқарастарға қарамастан, осы институтқа тән кейбір жалпы мән-жайлар бар. Олар : 1) әкімшілік әділет юрисдикциясына жатқызылатын даулар — жариялы-құқықтық даулар. Мұндай дауларда тараптардың бірі лауазымды тұлға немесе мемлекеттік орган болып табылады. Екінші тарап-азаматтар немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Даулар жария құқықтық қатынастардан, яғни бір тарап лауазымды тұлға шығарған әкімшілік актіге байланысты мемлекеттік органға бағынатын қатынастардан туындайды; 2) Әкімшілік әділет мемлекеттік органдарының жеке құқықтық актілері, сондай-ақ олардың әрекеттері (әрекетсіздігі) дауланады; 3) Рәсімдік актілерде қатысушылардың теңсіздігі айқын болатын жариялы-құқықтық даулардың ерекшеліктері ескеріледі: бір жағынан азамат, екінші жағынан — ақпараттық, кадрлық және басқа ресурстары бар мемлекеттік орган. Сондықтан, әкімшілік процестің ерекшеліктеріне мемлекеттік органға дәлелдеу ауыртпалығын жүктеу, азаматтардың құқықтарына қосымша процедуралық кепілдіктер жасау, соттың белсенді рөлі қарастырылған; 4)  Көп жағдайда мемлекеттік органның белгілі бір қатынастар бойынша шығарған әкімшілік актіні сотқа дейінгі реттеу мақсатында, жоғары тұрған мемлекеттік органға немес лауазымды тұлғаға шағым келтіру көзделген. 
2021 жылғы шілде айынан бастап қолданысқа енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жоғарыда аталған бағыттарды жүзеге асыратын бірден бір құрал. Жаңа Кодекс халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік әділетті енгізеді. Басты мақсат – азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын бекітіп, сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілейді. Мысалға жеке тұлға белгілі бір мәселемен уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік орган өз кезегінде осы өтініш бойынша ауыртпалық салатын әкімшілік акт шығарады. Кодекс немесе арнайы заң талаптарына сай, аталған актіні жоғары тұрған органға шағым келтіру мүмкіншілігі бар. Аталған процедураны өткеннен кейін ғана сотқа талап қоюмн жүгінуге құқық берілген. Одан бөлек, Кодексте тараптардың әкімшілік процестің барлық сатысында сот шешім шығарғанға дейін татуласу мүмкіндігі де қарастырылған.
Кодексті қабылдау мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, жариялы-құқықтық дауларды шешудің нақты тәртібін белгілеуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын және сот билігінің тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға оң септігін тигізіеді деп күтілуде. Осы аталғандар қоғам мен биліктің арасындаға тепе-теңдікті қамтамасыз ететін бірден бір тетік.
 

А.Жамиев

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...