Алматылық нейрохирургтер әйел адамды сал ауруынан сақтап қалды

Орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирург-дәрігерлері бел омыртқаны тіліп, жасанды имплантпен алмастыру бойынша күрделі ота жасады.
«Пациент бізге омыртқа жарақаты асқынғаннан кейін келді. Бұрын бел омыртқасы сынған оған кешіктірмей ота жасау қажет болды. Өйткені уақыт өткен сайын аяқ-қолы жансызданып, сал болып қалу қаупі жоғарылай түсті», — дейді бөлімше меңгерушісі Марат Алматов.
Айтуынша, омыртқаны инновациялық әдіспен алмастыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық операция. Отаның мұндай түрі қала бойынша екі-ақ ауруханада жасалады. Соның бірі – Орталық қалалық клиникалық аурухана, біздің клиника күрделі отаны жасауға қажетті қондырғылармен толық жабдықталған, дейді маман.
Шеберлік класы шеңберінде №7 Қалалық клиникалық аурухананың омыртқа хирургиясы бөлімі жетекшісі Бақыт Ағлақовпен бірге жасалған операция ақысы МӘМС пакеті есебінен төленеді.
«Сақтандыру пакетінің ауқымы кең, ол сақтандырылған азаматтарға үлкен мүмкіндіктер береді. Оған ағза алмастыру, буын алмастыру, нейрохирургиялық және кардиохирургиялық қызметтер кіреді. Оның үстіне пациент пайдаланатын қызмет көлемі төлеген жарнасына тәуелді емес, медициналық көмек қанша қажет болса сонша пайдаланады. Мысалы, осы отаға МӘМС есебінен 4,5 миллион теңге төленеді», — деді МСҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.
Ескеретін жайт, аталған қызмет түрлерін пайдалану үшін медициналық көрсетілімдер болуы қажет.

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...