Қазақстанда бір тәулікте 15 адамнан COVID-19 анықталды

Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 15 жағдай тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 504-ке жетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 4,
  • Алматы қаласында — 7,
  • Алматы облысында — 1,
  • Қарағанды облысында — 1,
  • Маңғыстау облысында — 1,
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 1.

Қазақстанда 14 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында — 4,
  • Алматы қаласында — 6,
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2,
  • Қостанай облысында — 1,
  • Павлодар облысында — 1.

Елімізде барлығы 1 291 044 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 27 сәуірде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 482 101 адам, 2-компонентін 9 239 468 адам салдырған.

Сондай-ақ, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакциналау бойынша, 2022 жылғы 27 сәуірде Pfizer вакцинасының I дозасын 1 057 103 адам, ІІ дозасын 907 826 адам салдырған. Оның ішінде: І компонентін:

  • Жасөспірімдер — 821 004,
  • Жүкті әйелдер — 37 984,
  • Бала емізетін әйелдер — 135 777.

 ІІ компонентін:

  • Жасөспірімдер — 746 745,
  • Жүкті әйелдер — 32 772,
  • Бала емізетін әйелдер — 119 186.

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...