Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Мәлік Отарбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — делінген Жарлықта.

Мәлік Отарбаев 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы Ақжар ауылында дүниеге келген. 

Еңбек өтілін 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық қатынастар факультетінде зерттеуші-тағылымгер ретінде бастаған. 

2003-2016 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің аспиранты, жауапты хатшы, бас редактор, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының бас координаторы, Қазақстан Жазушылар одағының «Қаламгер» журналының бас координаторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.

Мәлік Отарбаев 2018 жылы қарашада Түркістан облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған.

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...

Более полувека служения судебной системе

В Алматы по инициативе председателя Алматинского городского суда Армана...

Поворот исполнения решения суда

Поворот исполнения судебного решения – это процессуальный механизм восстановления...