12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әкімшілік сот ісі талап қою негізінде қозғалады

Әрбір мемлекет өзінің даму жолында құқықтық жүйесі мен заң саласын ұдайы жетілдіріп отырады. Қазақстанда да бұл тұрғыда әлемдік стандартқа сай реформалар жүзеге асырылуда. Әсіресе, әкімшілік әділетті нығайтуға барынша көңіл бөлініп жатыр. Осы жағынан алғанда ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылдануы мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың құрылуын айрықша атауға болады.
Жаңа заң нормалары бүгінде жұртшылыққа жан-жақты түсіндірілуде. Біздің мақаламыз да осы тақырыпта өрбиді. Әкімшілік сот ісін жүргізу талап қою негізінде қозғалады. Яғни, азаматтар сотқа дау айту, мәжбүрлеу, әрекет жасау, тану туралы талап қоюлармен жүгінеді. Заң талабына сәйкес қойылған талап іс жүргізуге қабылданады. Дауды бір сот отырысында шешудің қажетті әрекеттері сот талқылауы басталмай тұрып жүргізіледі. Талап қою 138-баппен айқындалған нормаларда қайтарылады. Бірақ, осы баптың екінші бөлігінің 3), 5), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 17) тармақшаларынан өзгесімен сотқа қайта жүгінуге болады.
   Әкімшілік істі алдын ала тыңдауға дайындауда талап қоюшыға талап қоюда кеткен кемшіліктер көрсетіліп, оларды он жұмыс күнінде түзету мүмкіндігі беріледі. Ал, талап қоюды қамтамасыз ету туралы арыз талап қоюмен бір мезгілде келіп түскен жағдайда ол бес күн ішінде қаралады. 140-бапта көрсетілгендей, жауапкер осы Кодекстің 96-бабына сәйкес, дау айтылатын әкімшілік актіні дереу қолданысқа енгізу қажеттігі туралы уәжді өтінішхатпен жүгіне алады.
Жазбаша өтінішхаттар мен қарсылықтар, түсіндірмелер, сондай-ақ, оларға қатысты құжаттарды ұсынуда қажетті уақыт белгіленіп, сілтеме жасалған құжаттардың түпнұсқалары немесе расталған көшірмелері қоса беріледі.
Тағы бір айтарлығы, ӘРПК-нің 142-бабымен талап қоюшыға талап қоюды толық немесе бір бөлігінде кері қайтарып алу, сондай-ақ, оның негізі мен нысанын өзгерту, талаптар мөлшерін арттырып, азайту, ал, жауапкерге талап қоюды тану құқықтары берілген. Бірақ, олар бұл құқықтарын сот шешім шығаруға кеткенге дейін пайдаланулары тиіс. Мұндай әрекеттер заңға қайшы болып, басқалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірсе апелляциялық және кассациялық қайта қарауда қабылданбайды. Мұндай жағдайда әкімшілік істі қарау жалпы тәртіппен жалғасады.
Егер талап қою нысанасы өзгерсе осы Кодекстің 138-бабының екінші және төртінші бөліктерінде көзделген мәселелер қаралып, жауапкерге жазбаша пікір дайындауға уақыт беріледі. Сондай-ақ, тараптарға талап қоюды танудың процестік салдарлары түсіндіріледі. Жауапкердің талап қоюды тануы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады.
 Соттың алдын ала тыңдау заңдылығы 143-бапта нақтыланған. Мысалы, судья әкімшілік процеске қатысушылардың құрамын, мерзімді өткізіп алу себептерін анықтап, оны қалпына келтіру мәселесін шешеді. Егер өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру мүмкін болмаса талап қою қайтарылады. Осыған қатысты басқа нормалар аталған баптың 3,4,5,6 тармақтарына сай жүзеге асырылады.
 Уәкілетті органның мемлекеттік сатып алудың өткізілуін тексеру бойынша шешімдері мен қорытындыларына, сондай-ақ сот орындаушыларының әрекет-әрекетсіздігіне дау айту туралы алдын ала тыңдау сотқа талап қою түскен сәттен бастап жиырма жұмыс күнінде жүргізіледі. Ал, 102-баптың үшінші бөлігі бойынша алдын ала тыңдау бір ай ішінде өткізіледі.
Сот талқылауы тағайындалған соң тараптар мен әкімшілік процестің басқа да қатысушыларына істің қаралатын орны мен уақыты хабарланады. Әкімшілік істі жазбаша талқылау тараптардың келісімімен ақылға қонымды мерзімде қаралады. Алайда, ол мерзім талап қойылған күнді қоса есептегенде үш айдан аспауы керек. Аса күрделі істердің де мерзімі соттың уәжді ұйғарымымен үш айға ғана ұзартылады. Істі дұрыс шешу үшін бұл мерзімді одан әрі ұзарту қажеттілігі туса, судья өз қалауымен ауызша талқылауға көшеді.
Іс жазбаша талқылау тәртібімен қаралғанда сот тараптар ұсынған және өз бастамасы бойынша талап етілген дәлелдемелерді зерттеп, шешім қабылдайды. Ауызша сот талқылауынан кейін жазбаша іс жүргізу қосымша ұйғарымдар шығарылмастан жалғасады.
Әкімшілік іс талқыланып біткен соң шешім шығарылады және ауызша талқылау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінде, ал, айрықша жағдайларда бір айда дайындалады. Қазақстан Республикасының атынан шығарылған сот шешімі кіріспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.

Жазира Мухаметова,
Маңғыстау облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...