12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алтын орда базарынан тағы дау шықты

Осыған дейін де басы даудан арылмаған Алматыдағы «Алтын орда» базарынан тағы шу шықты. Наразылыққа шыққан бір топ кәсіпкер салынып жатқан жаңа сауда кешенінен сатып алған орындары өздеріне бұйырмай қала ма деп алаңдап отыр.

Мәселеге орай  «Алтын Орда» базары кооператив өкілі Дәулетжан Деменбаев «21 сәуір күні құрылтайшымыз өзгерді. Біздің салып жатқан екінші павильонымыздан сауда орындарын сатып алған үлескерлер алаңдаулы. Жаңадан келген құрылтайшылар базардан орын сатып алған кәсіпкерлерге орын бермейтіндігін айтты. Біз (бұрынғы басшылық) былай айтқанда, далада қалып отырмыз. Ары қарай не болатындығын өзіміз де білмейміз. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлерге тиісті орындарын берсек. Бірақ бізде ондай мүмкіндік болмай тұр», – дейді. Ал әрқайсысы бір орын үшін 7 миллион теңгеден ақша шығарған 800 кәсіпкер «бүгінде 95 пайыз бітіп тұрған кешен толығымен аяқталып, әрқайсымыздың өзімізге тиесілі орнымызды берсе екен» дейді.

Даудың басы 20 сәуірде базардың жаңа қожайыны пайда болуымен  басталған көрінеді. 2007 жылдан бастап базардың заңды иесі ретінде «Құрылыс LTD»  ЖШС танылған. Ал базардың ісін  «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС келісім шарт негізінде жүргізген. Модернизациялау, яғни саудагерлерге жылы әрі ыңғайлы сауда орындарын жасау мақсатында  қос компания бірігіп жұмыс істеген. Инвестор ретінде «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС бұған дейін 80 адамға арналған ет бордақылау ғимаратын, 400 кәсіпкерге арналған құны 1,2 миллиард теңге тұратын сауда кешенін салған. Сөздің шыны керек, саудасы үнемі қызып жататын базарда осыған дейін тұтынушыға да, базардың сатушыларына да жағдай жасалмаған болатын. Жаңбыр жауса суға кетіп, тазалығы сын көтермей жататын. Былтырдан бері ашық аспан астында саудаланып жататын азық-түлік жабық жаңа кешенге көшіп, базар айналасы санитарлық талаптарға сай бола бастағалы қала тұрғындары да қуана бастаған еді. Алайда туындаған мына дау сол жұмыстардың аяғына жетуіне кедергі болатын түрі бар.

Осы орайда айта кетсек, 2020 жылдан бастап екі қабатты, 30 мың шаршы метрлік сауда орталығының құрылысы басталған. Ғимараттардан орын алу үшін 800 кәсіпкер бірігіп 4 млрд. теңге қаражатқа «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС арқылы құрылысқа ақша салған. Бүгінгі таңда «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС бастаған құрылыстың 95%-ы бітіп тұр. Алайда жаңа қожайынның пайда болуы әрі қарай істің аяғына жетпей, халықтың алаңдаушылығын туғызып отыр.

Саудагерлердің сөзінше, 20 сәуір күні «Алтын Орданың» жаңа қожайыны Бішкектен келген қырғызстандық азаматтардың рейдерлік әрекеті арқылы бұрынғы басшылардан базарды тартып алған. Мұны базардың экс-әкімшілік өкілі де жоққа шығармады. «Олар ешқандай құжат көрсетпей, базарға келіп отырды. Барлық басшылық қызметті өздері жүргізіп жатыр. Біздің оған ешқандай қарсылығымыз жоқ. Бірақ, дегенмен біз бастаған жұмысымызды соңына жеткізіп, кәсіпкерлерге павильонның құрылысын толықтай аяқтап берсек деген ниеттеміз. Осы біздің нақты талабымыз», – дейді базардың бұрынғы әкімшілігінің өкілі. Бір анығы журналистерге түсініктеме берген Маркабаев Эрмектің ұлтының қырғыз екенін және туған жерінің Қырғыз өңірі екенін анықтап, жоғарыдағы желдей ескен сөздің бекерден бекер емес екенін түсінгендей болдық. 

Атап өтер жайт, базар иелерінің жиі ауысуы осы базардан нәпақасын айырып отырған қарапайым халыққа, кәсіп иелеріне оңай тимегені байқалады. «Осы кешен өз ақшамызға салынды. Әрқайсымыз бір орынды шамамен 7 миллион теңгеден сатып алдық. Әр орынға бес пайыз жеңілдік болады деген соң кейбіреулер 2-3 орыннан сатып алды. Ал бүгінгі күні орын да жоқ, ақша да жоқ. Басында айтылған жеңілдік туралы да ешкім жұмған аузын ашпайды. Далада қалатын түріміз бар. Осы базар өз ақшамызға жұмыс істеуде. Сырлау керек болса да бізден ақша жинайды, асфальт салатын болса да айналып келіп бізді мазалап ақша жинап алады. Бірақ үнімізге ешкім құлақ аспайды. Салығымызды төлейміз. Тек тыныш жұмыс істеуге мүмкіндік берсе екен» дейді қарапайым халық. Қазақтың қай дүниесі өзгенің қолында кетпей жатыр. Ең бастысы халықтың талап тілегі ескерілсе екен…

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы қызмет көрсету тәртібі оңайлатылды

Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының...

Бишімбаев сотқа телефонының құпиясөзін беруден бас тартты

Бүгін Қуандық Бишімбаев сотқа телефонының құпиясөзін беруден бас тартты....

В Кызылорде акимам разъяснили антикоррупционные нормы

Антикоррупционной службой по Кызылординской области акимам 26 сельских округов...

Кәмелетке толмаған сотталғандар арасында мамандандыру жұмыстары жүргізілуде

№11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмаған сотталғандар арасында...

Білім саласындағы жаңашыл әдістер

   Қазақстанның білім берудегі басты мақсаты - көшбасы мемлекеттердің...