Тоқаев партиялық реформалар туралы: Бәсеке күшейе түседі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиялық-саяси саладағы реформалардың оң әсері туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде партиялық-саяси саланы жаңғырту басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, партиялық және сайлау заңнамасын либерализациялау биліктің барлық деңгейінде қабылданатын шешімдердегі қоғам рөлін күшейтеді.

«Сайлаушылардың дауысы үшін бәсеке күшейе түседі. Саяси процестің динамикасы мен мазмұны өзгеретіні сөзсіз. Осыны ескере отырып, елде жаңа партиялар пайда болады, ал бұрыннан бар партиялар өз қызметін азаматтардың өзекті үрдістері мен талаптарына сәйкес қайта қарап, қайта құра бастайды. Біз жалпы партиялық сала қозғалысқа келе жатқанын көріп отырмыз. Басталған өзгерістердің айқын көрсеткіші ретінде Adal партиясының Amanat партиясымен бірігуі туралы бастамасын айтуға болады», — деді Мемлекет басшысы Amanat партиясының съезі кезінде.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...