12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алимент әкенің орнын алмастыра алмайды

Елімізде алимент өндіру мәселесі өзектілігін жоймай келеді. Әсіресе, өз баласына алимент төлеуден жалтаратын ер-азаматтар қатары күннен-күнге көбеюде.

Алимент дегенде қарапайым халық тек әкенің балаға төлейтін нәпақасы туралы ойлайтыны анық. Бірақ сотта кәмелет жасына жеткен балалардан әке-шешесін асырауға алимент өндіру талаптары да қаралады. Сонымен бірге сот тәжірибесінде некеде тұрған ерлі-зайыптының және бұрынғы жұбайлардың бір-бірінен алимент өндіруі де кездеседі.

Десек те сот істерінің басым бөлігін кәмелетке толмаған балаға әкесінен алимент өндіру туралы істер құрайтыны рас. Себебі елімізде ажырасушылар саны азаймай келеді. Заңды тіркелген әрбір үшінші некенің біреуі бұзылады. Бұл отбасы институтының әлсірегенін, адами құндылықтың кемігенін көрсететін дерек. Некенің бұзылуы алиментке қатысты істердің көбеюіне ықпал етуде. Қалай болғанда да бүгінгідей нарық заманында жалғызбасты аналарға бала асырау оңай емес. Алимент – баланың қажеттілігін өтеудің, әке қамқорлығының белгісі. Алайда әкелердің басым бөлігі табысын балаларымен бөліскенді қаламайды. Содан келіп табысын жасыру, тұрғылықты мекен-жайын жиі ауыстыру, жауаптылықтан қашу үшін түрлі құйтырқылықтарға бару әрекеттері орын алады. Сот алимент мөлшерін белгілегенде әкенің табысын, мүмкіндігін міндетті түрде ескереді. Азаматтардың жағдайы көтере алмайтын соманы сот ешқашан белгілемейді. «Неке және отбасы» туралы кодекстің 139-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан өндірілетін алимент мөлшері белгіленген. Соған сәйкес, бір балаға – ата-анасы табысының немесе өзге де кірісінің төрттен бір бөлігі; екі балаға – үштен бір бөлігі; үш және одан да көп балаға – тең жартысы беріледі.

Мұнда да сот тараптардың материалдық, отбасылық жағдайына байланысты мөлшерді кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Тағы бір есккерерлігі, кез келген алимент мөлшері оны төлейтін адамның алатын жалақысының жартысынан аспауы керек. Өйткені бұл адамның да өмір сүруі,  басқа отбасы болса, оны да елден кем қылмай асырауы керек. Егер әлеуметтік жағдай, материалдық мүмкіндікті ескермей шешім шығарылса, алиментті төлемеу үшін азаматтардың амалсыз заңды айналып өтетін қадамдарға баруы мүмкін. Бұл тұста алимент төлейтін адамның несиесі немесе ипотекасы бар ма, жоқ па, бәрі қаралып, есепке алынуы тиіс. Сондай-ақ, бүгінгідей нарық заманында бүгін жақсы табысы болған азаматтың ертең жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда да азаматтар сотқа арыз жазып, алимент мөлшерін кемітуіге толық құқылы.

Соттың алимент өндіру туралы шешімінің де орындалмай орта жолда қалатын кезі аз емес. Бұл да шешімін таппай келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Жауапсыз әкелерден алимент алудың ең тиімді жолы – ай сайынғы жалақысынан тікелей ұстап қалу. Сот орындаушылар қаулы шығарғаннан кейін оны алимент төлейтін әкенің жұмыс орнына жолдайды. Соған сәйкес, бухгалтерия ай сайын алиментті әйелге аударуға міндетті. Осылайша бала кәмелетке толғанға дейін алимент әкесінің жалақысынан ұсталып отырады. Бұл енді тұрақты жұмысы барларға қатысты. Ал енді жұмыссыздардан балаға алимент өндіру әлі де қиын. Бұл жеке сот орындаушылардың қажырлы еңбегін, тынбай ізденісін талап етеді.  

Қазақстандағы заңға сәйкес алимент төлемегендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Десе де жауапсыз әкелерді темір торға қамау мемлекетке де, азаматтың өзіне де, кәмелетке толмаған балаға пайда әкелмейді. Сондықтан соңғы уақытта жұмыссыз әкелерге арнап бос орындар жәрмеңкесін өткізу, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуіне көмектесу мақсатында құзырлы орындар тарапынан іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Мұндай қадамға мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандардың  мүддесін, құқығын қорғау, материалдық қиындықтан сақтау мақсатында барып отырғаны ақиқат.

Жалпы, қоғамда ұрпақ тағдырына, бала болашағына жауаптылықпен қарау мәдениетін қалыптастыру маңызды. Өйткені, адамның санасы өзгермесе, мәжбүрлеу шараларының бәрі пайдасыз. Ең бастысы, әр әке алимент өз орнын алмастыра алмайтынын ұғынса дейміз.

Гүлжан Имансерикова,

Алматы қаласыӘуезов аудандық №2 сотының судьясы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...