12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мектеп оқушылары 17 маусымға дейін оқи ма? Министрлік жауап берді

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының жазғы демалысы қашан басталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін желіде оқу жылы 17 маусымға дейін ұзартылады деген ақпарат тараған болатын.

«Орта білім беру ұйымдарындағы оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникулдық кезеңдерін министрлік «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14 тармақшасына сәйкес айқындайды. Дәстүр бойынша биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Пандемия, шектеу шаралары кезінде рұқсат етілген білім сапасын арттыру және білім олқылықтарын толтыру мақсатында 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық мектеп оқушылары үшін (9, 11 сыныптардан басқа) жазғы мектеп ұйымдастырылады», — делінген Tengrinews.kz жіберген ресми сауалда білім Шолпан Каринова.

Ведомствоның мәліметінше, жазғы мектеп — оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік.

«Жазғы мектептегі сабақтар математика, тіл және басқа да негізгі пәндер бойынша өтеді. Жазғы мектепте оқу бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді.
Министрлік мектеп оқушыларына жазғы мектепке баруды ұсынады, шешімді ата-аналар мен оқушылар қабылдайды», — деп толықтырды ҚР Білім және ғылым министрлігі.

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

ҚазҰУ — сапалы білімнің бастауы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі...

ҚазҰУ — ұлттың интеллектуалдық тірегі  және сапалы білімнің жаһандық  моделі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім берудің флагманы,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АГРОБИОСТАНЦИЯ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университеті Алматының іргесінде Агробиостанция кешенін ресми түрде...

Торжественное открытие аудитории имени академика Султана Сартаевича Сартаева в КазНУ имени аль-Фараби

В преддверии национального праздника – Дня Республики Казахстан – на юридическом...