Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Орал қаласының әкімі болып Миржан Сатқанов тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Әкімшілігі және қалалық мәслихатпен келісе отырып, меритократия қағидаттарына сәйкес Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы Орал қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Миржан Сатқанов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Түркия Республикасының Докуз Ейлюл университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Бүгінге дейін Бөрлі ауданының әкімі қызметін атқарған.

Бұған дейін Орал тұрғындары 2019 жылдың тамызынан бері қала әкімі болып келген Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етіп петиция құрған болатын.

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...

На повестке дня – развитие туризма

НА ЗАСЕДАНИИ КОМИТЕТА ПО ТУРИЗМУ ПРЕДПРИНИМАТЕЛИ С УЧАСТИЕМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ...

Как мошенникам удается обмануть образованных людей?

ТЕЛЕФОННЫЙ ЗВОНОК РАЗДАЕТСЯ В СЕРЕДИНЕ РАБОЧЕГО ДНЯ. ВЕЖЛИВЫЙ ГОЛОС...

Наследство: что необходимо знать?

Утрата близкого человека помимо эмоциональных переживаний влечет за собой...