Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс – Смайылов

Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті және сапасы жоғары болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті және сапасы жоғары болуы тиіс. Сондықтан орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдар жүйелі және үйлесімді жұмыс істеуі қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Осыған орай Премьер-Министр мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

«Бірінші, өңір әкімдіктері Индустрия және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, импорт алмастыру жобаларын іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымды уақытында жүргізіп беруді қамтамасыз етсін. Барлық жобалар жоспарланған мерзімге сай іске қосылуы тиіс. Екінші, Индустрия министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтасын», — деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов үшіншіден, Сауда министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, СТ-KZ сертификаттарын алу тетігін, оның ішінде тиісті сертификаттарды беру функциясын Сауда министрлігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырды.

«Төртінші, Білім министрлігі Еңбек, Индустрия, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен бірге өндірістерді уақытында іске қосуды қамтамасыз ету үшін білікті кадрларды дайындау мәселесін пысықтасын. Бесінші, Индустрия министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, айтылған тәсілдерді ескере отырып, 16 мамырға дейін Импортты алмастыру жөніндегі бағдарламаның жобасын пысықтап, Үкіметке енгізсін», деген Әлихан Смайылов бұл мәселелерді бақылауды ұстауды орынбасары Роман Склярға жүктеді.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды.

2030 жылғы Әлем чемпионатына 64 құрама қатысады

Бұл туралы Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының (КОНМЕБОЛ) президенті Алехандро Домингес мәлімдеді.

Елімізде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

Барлық өрт найзағайдың жарқылынан тұтанған, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды? 

Әлем чемпионаты 12-16 тамыз аралығында Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтеді.

Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады? 

Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіп, көптеген рәсімді үйден шықпай-ақ орындауға мүмкіндік пайда болды. Бүгінде телефон арқылы жаңа туған сәбиді тіркеуге, әлеуметтік төлем рәсімдеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға, емханаға тіркелуге, зейнетақы жинағын тексеруге, тіпті техникалық паспорт алуға болады.