12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады

Елбасының өкілеттігі туралы конституциялық заңның күші жойылады. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов ​​мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біріншіден, Конституцияда Тұңғыш Президенттің жаңа мәртебесі бекітілмейді, тек оның тарихи рөлі нақтыланатынын атап өткім келеді.

Сонымен бірге, жұмыс тобының бастамасымен Тұңғыш Президенттің өкілеттіктеріне қатысты барлық норма Конституциядан алып тасталады.

Осыған сәйкес Тұңғыш Президент — Елбасы туралы конституциялық заң алдағы уақытта күшін жояды», — деді Ермек Әбдірасулов.

Бұған дейін Әбдірасулов ​​еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі Қазақстан Конституциясында сақталады деп мәлімдеген болатын.

Кейін конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасында Елбасының конституциялық өкілеттіктері туралы баптарды алып тастау ұсынылғанын айтқан.

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...

Прошел круглый стол по обсуждению проблемных вопросов

26.04.2024 года в межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны...