12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алқабилер соты азаматтар үшін тиімді

Аса ауыр қылмыстық істерді қарайтын алқабилер институтының қоғамда маңызы зор. Сыбайластықтың жолын кесіп, қылмысты әшкерелегендерді ынталандырудың жаңа ережесі бекітілді. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекелеріне орай әр жылдары рақымшылық жасалып, қаншама адам қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатылуда.
Осы аталған қылмыстық реформалардың барлығы адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін әрі қарай күшейтуге және толыққанды жүзеге асыруға бағытталған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында осы реформалардың ішінде өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу қажеттігін және алқабилердің қарауына берілетін істердің  санатын кеңейту туралы айтты.
Алқабилер сотының қолданылу аясын кеңейту және алқабилер соты міндетті түрде болуы тиіс қылмыстық істер санаттарын заң жүзінде анықтау көзделіп отырғанына қарамастан, Қазақстанда әлі де алқабилердің қатысуымен сот жүргізу өзге елдердегідей кең тарамаған. Алқабилер жұмысы кең форматта болуы, ең алдымен, азаматтар үшін тиімді. Көпшілік алқабилердің қатысуымен өткен сот, тек кәсіби мамандардан тұратын сотпен салыстырғанда әлдеқайда әділетті шешім шығарады деп санайды.
Алқаби – сот жұмысына араласуға, қаралып жатқан іске қатысты өзінің азаматтық ойын білдіруге мүмкіндік берілген, істі таразылауға үн қосатын халықтың арасынан шыққан өкіл. Сотталушылардың алқабилерді тандауының бірден-бір себебі олар – халық соты, тәуелсіз сот, яғни, қарапайым халыққа деген үміті мен сенімі, сот процесі жүру барысында әрбір айтылған сөзге, әрбір дәлелдемеге әділ де шыншыл көзбен қарайтын азаматтар. Алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу сотталушының конституциялық құқығын қамтамасыз етумен қатар, халықтың құқықтық біліктілігін арттырып, құқықтық сана-сезім қалыптастыруға мол үлесін қосады.
Бүгінде «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне алқабилердің қатысуымен сот қарайтын істердің санаттарын кеңейту жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты 2022 жылғы 4 мамырға дейін ашық жария талқылау үшін НҚА интернет-порталында орналастырылды. Президент бұл жаңашылдық сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді дейді. Бұған қоса, қылмыстың жекелеген түрлері бойынша жазаны күшейту, қылмыстық процестегі жарыспалылықты жетілдіру секілді өзекті мәселелер де назарда.
Президент бұған дейін де сот жүйесінің алдына ауқымды міндеттерді жүктеген болатын. Міндеттерді орындау мақсатында 2018–2021 жылдары Жоғарғы Соттың бастамасымен 35 заң жобасы әзірленіп, оның 30-ы заңды күшіне енді. Қабылданған заңдар негізінде электронды сот ісін жүргізу енгізілді, алқабилер сотының соттылығы кеңейтілді. Сонымен қатар, жаңадан ашылған мән-жайларға сәйкес, қылмыстық істер бойынша сот актілерін қайта қарау тәртібі егжей-тегжейлі регламенттелді. Жоғарыда айтылғандай, реформаның ықпалынан да соттарда қаралып аяқталған қылмыстық істер саны жылдан жылға едәуір азайып келеді. Мысалы, 2011 жылы соттарда 49 мың қылмыстық іс қаралса, он жылдан соң, яғни 2021 жылы 33 мың іс аяқталған. Бүгінде мемлекеттік органдарда 3 заң жобасы талқылануда. Олардың бірі қылмыстық істер бойынша кассацияға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.
Адам құқықтарын қорғау – Қазақстанның саяси күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі. Қылмыстық жүйедегі реформалардың ауқымы кең және ол азаматтар құқығын қорғаудың барлық бағытын қамтиды. Қылмыстық жүйені уақыт талабына сай жетілдіру, жаңғырту адамдардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау тетіктерін күшейтеді және оны дамытады.

Мұрат Әубәкіров,
Маңғыстау облыстық сотының судьясы

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма...

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...