12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ұрыға мал құтаймас

Мал – ауыл халқының күнкөрісі, берекесі. Ол азық қана емес, бүгінгі күні нағыз табыс көзі. Нарықтағы еттің бағасы қымбаттаған сайын, мал басының құны да бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда өскен. Содан болар, өзгенің малын ұрлап оңай жолмен олжалы болғысы келетіндердің де қатары артып келеді.
Елімізде мал ұрлығының алдын алу жұмыстары күшейтіліп отыр. Осы орайда, қоғамдық тәртіпті күшейтіп, адамның құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында игілікті жұмыстардың тұрақты жүргізіліп келе жатқанын айта кеткен жөн.
Мал ұрлығына қатысты жауапкершілікті күшейту мәселесі ел Президенті Қ.Тоқаевтың да назарынан тыс қалған жоқ. Соған орай, 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қолданысқа енді.
Жаза қатайып, ауыр қылмыс санатына жатқызылған қылмыстың ішінде мал ұрлығы да бар. Нәтижесінде Қылмыстық кодекс мал ұрлығына қатысты жаңа баппен толықты. Енді 188-баптағы «ұрлық» Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы «Мал ұрлау» қылмыс нысанынан бөлек, 188-1-баптың 1-бөлігімен мал ұрлағандардың, яғни, бөтеннің малын жасырын жымқырғандардың алдымен мүлкі тәркіленіп, 3 мың АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленеді. Ал алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы ірi мөлшерде жасаған мал ұрлығы үшін мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бос­тан­дығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ, аталған қылмыс бірнеше рет қайталанса, тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кірумен жасалған болса, айыптының мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Мал ұрлығы ұйымдасқан топ тарапынан аса ірі мөлшерде жасалса, көзделген жаза тіпті ауыр. Олар жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Мал ұрлығына жауапкершіліктің күшейтілуі орынды. Өйткені облыстар мен ауылдық жерлерде мал бірден-бір табыс көзі. Ал мал ұрлығы орын алған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтары күнкөріссіз қалуы мүмкін.
Мал ұрлығының басым бөлігі жайылымдық жерлерде, көбінесе елді мекендер мен жолдардан едәуір қашықта орналасқан жерде орын алады. Ұрлыққа барардың алдында жағдайды жан-жақты зерделеу, шопандардың немесе бақташылардың бар-жоғын белгілеу, олардың санын, еңбек және демалыс режимін анықтау, байланыс және ескерту құралдарының болуы қалыпты нәрсе. Сондықтан азаматтар алдымен өз малын арнайы таңбалауды ұмытпағаны ләзім. Таңбалау малдың жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі екенін растайтын, сот ісін жүргізу процесіндегі маңызды дәлелдердің бірі болып табылады.
Не десек те, Абай атамыз «қазақтың міні – мал ұрлығы» деп өз заманында дөп басып айтқан. Өкінішке қарай, жаза қатайтылса да қылмыстың бұл түрі азаяр емес.
«Сақтықта қорлық жоқ», «Сақтансаң сақтаймын деген». Бүгінгі күні қолданыстағы «чиптің» көмегі мол. Ұры айтып келмейді. Қораңызға құлып салғанды әдетке айналдырған жөн. «Ел ішіндеміз ғой» деген жалған сенімнен арылған абзал.
Малды өріске қараусыз жіберу, мал ұрлығы туралы жедел хабарламау ұрлықтың дер кезінде ашылуына кедергі келтіріп жатады. Сондықтан мал ұрлығына қатысты жауапкершілікті құзырлы органдарға артпай, сақтық мәселесіне азаматтардың өздері де салғырт қарамауы тиіс.
Амангелді аудандық сотында 2021 жылы мал ұрлығына қатысты 4 қылмыстық іс қаралып, бір тұлғаға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалса, 2 тұлғаға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып тағайындалған жаза шартты деп саналып, оған сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. 1 тұлғаға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Ал биыл мал ұрлығына қатысты 1 қылмыстық іс, 5 тұлғаға қатысты қаралып жатыр.
Қылмыстың өтеуі – жаза. Оңай олжаға кенелемін деп бостандығынан айырылғандар қателігі өзгелерге сабақ болса игі.

Алтынгүл Назаркулова,
Амангелді аудандық сотының судьясы

Қостанай облысы

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...