Түркістан облысында бес ауылды су басты

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күнгі нөсерден бес ауыл суға кеткен. Сарапхана елді мекенінде 200-дей мал, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығыны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарабау ауыл округ Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген, деп жазылды Qazaqstan телеарнасының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекеніне 12 үйге су кірген.

Арна тілшілерінің хабарлауынша, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.

Қазір су басқан аймақта Төтенше жағдайлар депаратаментінің қызметкерлері мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...

Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты — халықаралық шарттар

Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың маңызы артып...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНТЕССОРИ САММИТІ ӨТТІ

Абай университетінде өткен «Монтессори – адам дамуы және өзгермелі...

Налоги, бизнес и реформы

Как известно, национальная валюта в истории современного Казахстана была...