Ресейде жаңа төлем бірлігін құру ұсынылды

Ресей Ғылым академиясының Экономикалық болжау институты мен Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығының (CMASF) экономистері Ресейге дос мемлекеттермен есеп айырысу үшін жаңа төлем бірлігін құру қажет екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Бұл бастаманы макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжамдау орталығы (МСҚБО) мен РҒА халық шаруашылығы болжау институтының сарапшылары ұсынды.

«Ресейді әлемдік нарықтан шеттетіп тастаған және сыртқы сауда айналымы үшін рубль айырбастауды, сондай-ақ, Еуропаға газ экспорттағаны үшін рубльмен ақы алуды қиындатқан Батыс санкциялары дос мемлекеттермен есеп айырысу үшін қажет болатын жаңа төлем бірлігін құру туралы мәселені көтерді», — делінген ұсыныста.

Бастама авторларының айтуынша, мұндай бірлік бағамы әлемдік нарықтағы ресурстардың орташа бағасына байланысты болады. Ал сыртқы сауда операцияларын жүргізу кезінде ұлттық валюталарды төлем бірлігіне айырбастауды жүйенің клиринг орталығы жүргізеді.

«Болашақта осы бірліктің қайталама нарығын құру жоспарланып отыр. Ал бұл басқа елдерге оны қосымша валюта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді», — дейді экономистер.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа есеп айырысу жүйесіне ЕАЭО елдері, Қытай, Үндістан, Иран, Түркия қызығушылық танытуы мүмкін. Осылайша, олар геосаяси қару ретінде пайдаланылуы мүмкін басқа валюталарға тәуелділіктен арылады.

       Заңнама талаптарының сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...